Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
б) Әсері тікелей емес: in vivo белсенділік көрсетеді. Бұл препараттар бауырда протромбиннің синтезін тежейтін К витаминінің антагонисті болып табылады. Қанның ұюын баяулатады, тамырлардың өткізгіштігін жоғарылатып, қандағы липидтерді азайтады. Неодикумариннің әсері 12-24 сағ., ал фенилин мен синкумарда 8-10 сағаттан соң басталады. Әсері 3-4 күнге созылады. Тромбоз және тромбоэмболияны ұзақ уақыт емдеуде, тромбофлебит, инсульт, коронарлы жеткіліксіздігін емдеу және оны алдын алуда қолданылады. Емдеу кезінде қан ұю жүйесінің көрсеткіштерін міндетті түрде бақылап отыру қажет.
Жанама әсері: геморрагиялар. Ойық жара ауруларында, қан ұюының төмендеуінде, бауыр, бүйрек ауруларында және жүктілікте қолдануға болмайды.