Тималин - (Thymalinum): 0,01 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1 мл 0,9% NaCI еріт. ерітіп, б/е; ал тактивин мен тимоптин т/ а еңгізіледі. Вилозен жоғарғы тыныс жолдарының аллергиялық ауруларында (полиноз, ринит, синусит), жергілікті мұрынға тамшы немесе интраназальды ингаляция түрінде еңгізіледі. Кей жағдайда тимус препараттары аллергиялык, реакциялар тудырады.
б) Жілік майының препараттары: миелопид (В-активин) В - лимфоциттердің құрамын көбейтіп, гуморальды иммунитетті күшейіеді.
Хирургиялық операциялардан, жарақаттардан, остеомиелиттен және басқа да патологиялық жағдайлардан кейінгі инфекциялардың асқынуларын алдын алу үшін қолданылады.
Дәріс №
Тақырыбы: Шеткері жатқан жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер. Афферентті инервацияға әсер ететін дәрілер. Жергілікті анестетиктер.
Жоспар:
1. Афферентті инервацияға әсер ететін дәрілердің жіктелуі.
Жергілікті анестетиктерге сипаттама.
2. Тұтастырғыш және сіңіргіш дәрілерге сипаттама.
3. Іркілдек және тітіркендіргіш дәрілерге сипаттама
Шеткері жатқан жүйесі жүйке жүйкелерден және ганглийлерден тұрады. Ол афферентті және эфферентті болып бөлінеді. Мүшелер мен ұлпалардан ОЖЖ-не қозуды өткізетін жүйке талшықтарын афферентті, ал ОЖЖ-нен мүшелер мен ұлпаларға қозуды өткізетін жүйке талшықтарын эфферентті деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |