Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілерге : 1. Жергілікті анестетиктер 2. Тұтастырғыш дәрілер 3. Сіңіргіш дәрілер 4. Іркілдек дәрілер 5. Тітіркендіргіш дәрілер Жергілікті анестетиктер афферентті жүйке ұштарының қозғыштығы мен жүйке талшықтарына импульстердің өтуін таңдамалы және қайтымды түрде тежеп, сезімталдықтың барлық түрінің жойылуына (ауырсыну сезімінің) байланысты жергілікті жансыздандырады.
Анестезияның әсер ету механизмі: жасуша мембраналарының ішкі жағынан натрий өзекшелерінің тежелуімен байланысты. Ол әсер ету потенциалының пайда болуын азайтып, импульстің өтуін нашарлатады.
Барлық жергілікті анестетиктер (анестезиннен басқа) өндірісте тұз қышқылының судағы ерітіндісі түрінде шығарылады. Жергілікті анестетиктерді анестезияның барлық түрінде қолданады.