Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1. Удың қаңға сіңірілуін тоқтату а) асқазанды шаю – жылы сумен, калий перманганатының ерітіндісімен, белсендірілген көмірдің суспензиясымен жүзеге асырылады, әсіресе ОЖЖ-н тежейтін заттармен уланғанда. Асқазанды зонд арқылы шайған дұрыс. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда алдын ала наркотикалық анальгетиктер (морфин және т. б.), спазмолитиктер (атропин) еңгізіледі, ал зондты вазелин немесе өсімдік майымен майлау қажет.
б) Ішектегі уды шығару – тазалау клизмасының көмегімен жүргізіліп, ішке белсендірілген көмір (сіңіргіш зат) мен тұзды іш жүргізетін (магний сульфаты) дәрілер беріледі. Қышқылдар мен сілтілермен уланғанда іш жүргізетін дәрілерді беруге болмайды.