Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
в) Токсинді заттардың тері мен шырышты қабыққа шашырағанда – көп мөлшердегі ағынды сумен шайып, мүмкін болса қышқылды сілтілермен (натрий гидрокарбонаты), ал сілтіні қышқылдармен (3-5% сірке қышқылы ерітіндісімен) бейтараптау қажет.
г) Токсинді заттың ағзаға өкпе арқылы түскенде – удан аластату, таза ауамен дем алуын қамтамасыз ету.
2. Ағзадан удың шығарылуын жылдамдату. Табиғи әдістер: а) форсирленген диурез – 1,5-2 л натрий хлорид ерітіндісін к/т еңгізіп, сонаң соң белсенді несеп айдаушы дәрілер (фуросемид, маннит) еңгізіледі. Форсирленген диурезді жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, ми немесе өкпенің қауіпті ісігінде қолдануға болмайды.