Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
б)Егер заттар өкпеден бөлінетін болса,өкпенің гипервентиляциясын, карбогенмен ингаляциясын қамтамасыз ету қажет.
Жасанды әдістер: а) перитонеальды диализ – іш қуысын электролитті етітінділермен шаю б) гемодиализ – қанды «жасанды бүйрек» диализаторы арқылы өткізеді; в) гемосорбция – улар сорбенттерде адсорбцияланады. г) қан құю 3. Сіңірілген удың әсерін басу. Улардың әсерін басу үшін антидот қолданылады, олар улармен химиялық немесе физикалық-химиялық әрекеттесетін заттар. Мысалы: белсендірілген көмір адсорбция әдісімен әсер етеді. Темір препараттарымен уланғанда антидот ретінде дефероксамин, ауыр металл тұздарымен уланғанда – унитиол, ФОҚ-мен уланғанда – дипироксим мен изонитрозин; синил қышқылымен, цианидтермен уланғанда – метилен көгі мен натрий нитриті; гепариннің мөлшерін асырғанда – протамин сульфаты және т.б. қолданылады.
Фармакологиялық антагонистер де кеңінен қолданылады. Мысалы, антихолинэстеразды дәрілермен уланғанда - атропин, морфинмен уланғанда -налоксон және т.б. қолданылады.