Тыныс алу стимуляторлары (тыныс алу аналептиктері) Бұл дәрілер әсер етуіне байланысты үш топшаға бөлінеді:
1) тыныс алу орталығын тікелей белсендіретін дәрілер: этимизол, кофеин-бензоат натрий, камфора(немесе сульфокамфокаин), бемегрид 2) тынысты рефлекторлы түрде қуатандыратын дәрілер: цититон,лобелин гидрохлориді 3) аралас әсерлі дәрілер: кордиамин, карбоген Тынысты қуаттандыратын дәрілер - наркотикалық анальгетиктермен, көміртегі тотығымен жеңіл уланғанда, жаңа туған нәрестенің асфиксиясында, наркоздан кейінгі кезеңдегі өкпеге дем берудің қажетті деңгейін қалпына келтіру үшін колданылады. Тынысты қуаттандыратын дәрілердің әсері қысқа, ал қайта қабылдағанда тыныс алу қызметінін төмендеуі мен қалтыраулар тудыруына байланысты аз қолданады, сондықтан гипоксиялық жағдайда жасанды дем беруге тура келеді.