Калий канкреонаты - к/т енгізіледі.
Триамтерен және амилорид «калий, магний сақтаушы» диуретик болып табылады.
Triamterenum - триамтерен (Б): 0,05 капс. - тәулігіне 1-2 рет таңғы және түскі астан соң белгіленеді.
Amiloridum - амилорид: 0,005 таб. - 1-4 таб. таңертең белгіленеді.
V. Осмостык, диуретиктер: маннит (маннитол), мочевина - судың реабсорбциясын төмендетіп, қанның осмостық қысымын жоғарылатады. Қышқыл негіздік тепе-теңдікке әсер етпейді. Медициналық тәжірибеде негізінен маннит қолданылады. Манниттің мочевинадан айырмашылығы жасуша мембраналары мен ұлпа кедергілерінен (мысалы, гематоэнцефальды кедергіден) өтпейді. Ми, өкпе, көмекей ісінуінде, химиялық заттармен улануда және дегидратациялық (суды азайту) дәрілік зат ретінде (кейде глаукомада) қолданылады.
Жанама әсері: бас ауыру, лоқсу, құсу, жалпы әлсіздік, шөлдеу, теріге тигенде некроз пайда болуы мүмкін. Айқын бүйрек, бауыр және жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |