Dichlothiasidum - дихлотиазид (Б): 0,025 және 0,1 таб. таңертең ас алдында белгіленеді. Әсері 1-2 сағ. басталып, 10-12 сағ. созылады. 3-4 күн үзілістен кейін 3-5-7 күндік ем тағайындалады. Карбоангидраза тежеуші әсеріне байланысты гидрокарбонаттың да реабсорбциясын төмендетеді. Калий иондарының секрециясы жоғарылайды.Магний иондарының экскрециясы бүзылады. Осы қүбылыстар несеппен натрий, хлор, калий, магний иондарының және гидрокарбонаттардың ағзадан шығуына алып келеді.
Клопамид және оксодолин әсері ұзақ, циклометиазид дихпотиазидке қарағанда белсенділігі жоғары. Индапамид қан тамырларды кеңейтіп, гипертониялық ауруларда қолданылады. Антиагреганттық әсері бар.
ІІ. «Шумақты» диуретиктер: фуросемид (лазикс), этакрин кышқылы (урегит), торасемид (унат), буфенокс (буметанид), пиретанид (ареликс). Бұл препараттар ацидоз бен алкалозда күшті әсер ететін несеп айдайтын дәрілер. Олар Генле шумағының жоғарғы бөлік аумағында натрий, хлор және судың реабсорбциясын (қайта сіңірілуін) тежейді.
Қолданнуы: ми, өкпе ісінуінде; гипертониялық ауруларда және гипертониялық кризде; жедел улануда; жіті және созылмалы бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде; эклампсияда.
Жанама әсері: диспепсия, гипокалиемия, гипомагниемия, гипохлоремиялық алкалоз, гипотензия, бас айналу, әлсіздік, аллергиялық реакциялар және есту қабілетінің бұзылуы байқалады.
Бауыр комасында, гипокалиемия, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінің терминальды кезеңінде, несеп шығаружолдарының механикалық бітелуінде және жүктіліктің бірінші жартысында қолдануға болмайды.