Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Атеросклероздың жеңіл түрінде



бет176/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Атеросклероздың жеңіл түрінде кешенді емдеуді қажет етеді: полиспонин (жапон диоскореясы тамыры мен тамыр сабағының препараты) және трибуспонин (теміртікен шөбінің препараты). Атеросклероздың кешенді емінде сонымен қатар эссенциальды фосфолипидтер (эссенциале, липостабил) және антиоксидант препараттары (токоферол ацетаты, аскорбин қышқылы) қолданылады.
Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)
Несеп айдаушы дәрілер негізінен ағзадан артық мөлшердегі суды шығарады, электролиттердің (Na+ және СІ+) реабсорбциясын (қайта сіңуі) төмендетіп, әртүрлі жағдайлардан пайда болған ісінулерді басу, АҚ-н төмендету үшін тағайындалады. Негізгі қолдану көрсеткіштері: артериялық гипертония кезінде АҚ-ы төмендету үшін (басқа гипотензивті дәрілермен), өкпе ісінуінде, ми ісінуінде, химиялық заттармен уланғанда форсирленген диурез үшін. Диуретиктер несеп түзілудің барлық кезеңдеріне әсер етеді: фильтрацияға, секрецияға және түтікше реабсорбциясына. Олар қышқыл негіздік тепе-теңдікті сақтап тұру үшін бүйрек қызметін реттеп, ағзаны ксенобиотиктерден тазартып тұрады.
1. Тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктер: дихлотиазид (гипотиазид, гидрохлортиазид, эзидрекс), циклометиазид, клопамид (бринальдикс), оксодолин (хлорталидон), индапамид (арифон, индап).
Бұл диуретиктердің әсері орташа, тәулігіне 1 рет (таңертең) ішке қабылдайды. Негізгі әсері нефрон түтікшелерінің дистальды және проксимапьды бөлігінде натрий, калий, хлор және судың реабсорбциясын тежеп, ағзадан шығуын күшейтеді. Қолдануы: гипертониялық ауруларда, жүрек, бауыр және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен пайда болған ісінулерде, жүктіліктің токсикозында (нефропатия, ісіну, эклампсия) және етеккір алдындағы жағдайларда.
Жанама әсері: диспепсия; гипокалиемия (алдын алу үшін калий хлоридін, «Аспаркам», панангин, құрамында калий бар диета: картоп, сәбіз, өрік, жүзім, түйе бүршақ, бүршақ, түйілген тары, сүлы жармасы және де дихлотиазидтерді калий сақтағыш диуретиктермен бірге қолдану қажет); гипохлоремиялық алкалоз; гипомагниемия және гиперкальциемия; гипергликемия; гиперурикемия (подаграның күшеюі) байқалуы мүмкін. Ауыр бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, айқын бауыр зақымдалуында, қант диабетінің және подаграның ауыр түрінде қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет