Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология



бет86/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Әсер ету спектрі тар: тек грамм (+) аэробты бактерияларға, бета-лактамаза тұзушілер мен метициллинрезистентті стафилококктарға, клостридиялар мен коринебактерияларға әсер етеді. Микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі өте баяу дамиды, басқа антибиотиктермен қиыспалы тұрақтылығы жоқ. Күре тамырға өте баяу еңгізіледі. Басқа антибиотиктерге тұрақты стафилококктар тудырған ауыр инфекцияларда: сепсисте, стафилококкты және стрептококкты эндокардитте, пневмонияда, менингитте, стафилококкты энтероколитте, псевдомембранозды колитте, аурухана ішілік инфекцияларда қолданылады. Гликопептидтер -терапевтикалық әсерінің кеңдігі тар улы антибиотиктер.
Жанама әсері: нефроуытты; отоуытты; гематоуытты; тромбофлебит; анафилаксия; бет пен мойынның қызаруы, гипотензия, кеуде мен омыртқа жотасының түйілуі (әсіресе жылдам еңгізгенде) байқалуы мүмкін.
2. Ристомицин- микроб қабықшасының синтезін бұзып, бактерицидті әсер етеді. Көбінесе грамм (+) кокктарға (стафилококк, стрептококк, пневмококк, энтерококк), сонымен бірге грамм (+) бактерияларға (листерия, клостридия, кейбір анаәробтар, коринебактериялар) әсер көрсетеді. Ристомицин грамм (+) қоздырғыштармен шақырылған (көбінесе стафилококк немесе басқа антибиотиктер әсер етпей жатқанда) ауыр септикалық ауруларда тағайындап, тек к/т еңгізіледі. Микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі баяу дамиды. Ристомицин -улы; флебит, аллергия, дірілдеу, жүрек айну, есту жүйесінің қайтымсыз зақымдалуы, гемато-, нефро-, кейде гепатотоксикалық әсер тудыруы мүмкін.
3. Анзамициндер: рифампицин (бенемицин). Әсер ету механизмі: РНҚ-ң синтезін бузып, бактериостатикалық әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет