Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология



бет89/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Әсер ету спектрі: стрептококктар, пневмококктар, кейбір анаэробтар, микоплазма, кандида тобындағы саңырауқұлақтар. Мұрын, жүтқыншақ, тыныс жолдарының (синусит, ринит, фарингит, тонзилит, ларингит, трахеит, бронхит) қабыну және жұқпалы ауруларын жергілікті емдеу үшін тек ингаляция түрінде белгіленеді. Емдеу курсы 10 күн, өйткені дисбактериоз пайда болуы мүмкін.
Жанама әсері: тітіркендіргіш әсер көрсетуі мүмкін.


Дәріс №
Тақырыбы: Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер
Сульфаниламидті дәрілер
Жоспар :
1. Сульфаниламидті препараттарға фармакологиялық сипаттама
2. АІЖ-да жақсы сіңірілетін сульфаниламидтер
3. АІЖ-да нашар сіңірілетін сульфаниламидтер


Сульфаниламидті препараттар.
Әсер ету механизмі:
сульфаниламидті препараттар сульфанил қышқылы амидінің туындысы болып табылады және химиялық құрылысы жағынан пара-аминобензой қышқылына (ПАБҚ) уқсас, ПАБҚ микроорганизмдердің өсуі мен көбеюіне өте қажет. Микроорганизмдердің өсуі мен көбеюіне қажетті пуриннің, пиримидин негіздерінің, нуклеин қышқылдарының, ақуыздардың синтезіне қатысатын фолий қышқылынан (витамин Вс) фолиенді қышқыл тұзілуіне жағдай жасайды. Сульфаниламидті препараттар ағзада - фолий қышқылын дегидрофолий қышқылына айналдыратын ферменттерді тежейді. Ол микроб жасушасының өсуі мен көбеюін тоқтатып, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Сондықтан сульфаниламидті препараттарды ПАБҚ-ң бәсекелес антагонизмі деп атайды. Сульфаниламидтердің триметоприммен қиыстырылған препараттары (бисептол, лидаприм, сульфатон және т.б.) бактерицидті әсер етеді, себебі триметоприм фолий қышқылының синтезін тежейді, яғни қиыстырылған препараттар екі бағытта әсер етеді, фармакологиялық әсерін күшейтеді және микробқа қарсы әсерінің спектрін кеңейтеді. Сульфаниламидтердің бәсекелестік механизмінің әсеріне байланысты, қабылдау келесі кесте бойынша жүргізіледі: бірінші күні ең жоғарғы мөлшер, ал екінші күні орташа мөлшерде қабылдау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет