Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері



бет51/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис
ПРАК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру семинар, ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис
Ресоциализация – кәмелет жасқа толмағандардың жоғалған немесе ұйымдастпаған әлеуметтік дағдыларын, әлеуметтік статустарын қайтадан қалпына келтіруге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық процесс. Бұл процесс бірнеше кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең - адаптация. Кәмелетке толмаған, «қиын» бала клубқа кірген кезде адаптация процесі айтарлықтай қиын жүреді. ретінде Несовершеннолетний, как пра­вило «трудный», первоначально, бұл кезеңнің негізгі міндеті –ішкі мотивацияны қалыптастыру (әртүрлі ұжымдық істерге қызығушылық тудыру т.б.). Бұл кезең 2-3 айға созылады.
Екінші кезеңжекелей тұрақсыз ресоциализация- жеткіншектің ұжымдық іс-әрекетке белсенді енуі, асоциалды мінез-құлықтан бас тартып, ұжымдық норманы қабылдауымен сипатталады.
Үшінші кезеңтолық ресоциализация – ресоциализация процесінің толық аяқталуын білдіреді. Жеткіншекте нақты көзқарасы, сенімі, әлеуметтік бағдары қалыптасып, кәсіби бағдарлануы байқалады, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау, саналы түрде тануы жүреді.
2.Ресоциализация – жекелік процесс. Жоғарыдағы кезеңдерді көрсете отырып, кәмелетке толмағандардың төрт тобы туралы айтуға болады.
1- топ – бұл топтағы жасөспірімдер адаптациялық процеске тез енеді, және ол оңай өтеді. Мұндай жасөспірімдер әдетте қуатты, қозғалғыш, көшбасшылық нышандары бар, көп білуге құштар болып келеді. Олар клубтағы іс-әрекеттің көп жоспарлылығын жақсы түсінеді.
2-топ – белсенді қарсы тұру позициясын ұстанатын жасөспірімдер ұжымда да «қиын» деген ярлыкты сақтауға тырысады. Мұндай балаларға бастапқыда шыдамдылық танытады, бірақ қандай да кедергі туындағанда клуб оның құқығын шектейтіндігі туралы ескертеді. «Қиын» баланың мақсат тұтып келген әрекеттеріне шектеу қойылады.
3-топ – енжар, ерік күші әлсіз, бірақ қызығушылықтары мен икемділіктері тұрақты болады. Бұл адаптацияны қиындатады, жасөспірімге беделді, талап қоятын, сыйлы басқарушы қоюды қажет етеді.
4-топ – қоғамға ұарсы көзқарасы қалыптасқан, қарсы әрекет жасайтын жасөспірімдер, олар клуб үшін айтарлықтай қауіп туғызады. Оларды анықтап, бақылауға алып, олардың ықпал жасауына шек қою қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет