Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері



бет48/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

Бесінше кезең- іс-әрекеттік. Бұл кезең барысында бала проблеманы шешуде ойластырған жобасын жүзеге асыруға тырысады.
Алтыншы кезең- нәтижелік – талдаулық. Бұл кезеңде қиыншылықты жеңу процесі барысында баланың кездескен сәтсіздіктері мен жетістіктерін баламен бірге талқылау қажет.
16 дәріс
Тақырыбы: Мектептегі дезадаптацияның алдын-алу
Дәріс мазмұны:

    1. «Әлеуметтік алдын-алу» ұғымы. Әлеуметтік алдын-алудың деңгейлері.

    2. «Адаптация», «дезадаптация», «қайта адаптациялану» ұғымдары. Қайта адаптациялану процесінің кезеңдері.

1. Әлеуметтік педагог қызметінің бұл бағытының өзектілігі тұлғалық және әлеуметтік мәні бар паталогикалық және патологиялық емес сипаттағы мінез-құлықтың кең таралуымен байланысты.
Әлеуметтік алдын-алу (алдын ала ескерту, превенция)- әлеуметтік мәселені, әлеуметтік ауытқушылықты алдын-ала ескерту немесе оларды әлеуметтік төзімді деңгейде ұстау немесе оларды туғызатын себептерді бейтараптандыру барысындағы іс-әрекет. Алдын-алу мүмкін болатын жеке индивидтің және «тәуекел топтың» физикалық, психологиялық және әлеуметтік мәдени мәселелерінің алдын-алуға бағытталған; сақтау, қолдау, адамдардың қалыпты өмір сүру деңгейін және денсаулығын сақтау және қолдау көрсету; олардың алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуі және ұшкі потенциалын арттыруға қолдау көрсету.
Әлеуметтік алдын-алудың үш деңгейін бөліп көрсетеді:
1. Жалпы әлеуметтік деңгей (жалпы алдын-алу) экономика, әлеуметтік өмір, құлықтық-рухани сферасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталған мемлекеттің, қоғамның, оның институттарының қызметін қарастырады. Ол мемлекеттік басқарудың әртүрлі органдарымен, қоғамдық құрылымдармен жүзеге асырып отырады.
2. Арнайы деңгей (әлеуметтік-педагогикалық алдын-алу) ауытқушылықтың және мәселелердің жекелеген түрлерімен байланысты негативті факторларға мақсатты түрде бағытталудан көрініс табады. Осы ауытқушылықтардың себептерінің алдын-алу және бейтараптандыру алдын-алу қызметі маңызды болып табылатын субъектілердің қызметі процесінде жүзеге асырылады.
3. Жекелік деңгей (жекелік алдын-алу) мәселелік пен ауытқушылықтардың кейбір белгілері бар нақты тұлғаларға қатысты іс-әрекет жүргізуді сипаттайды. Мәселенің даму деңгейіне байланысты алдын-ау шараларының бірнеше түрлері болады: ерте алдын-алу, тікелей алдын-алу шаралары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет