Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері


Төртінші шарт- баланы эмпатиялық түсіну



бет45/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

Төртінші шарт- баланы эмпатиялық түсіну. Педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы жағымды қатынас педагогтың балаға деген жанашырлағы мен қобалжу сезімінің оянуына байланысты. Өкінішке орай, баланың сөзіне немесе әрекетіне ересектің бірінші реакциясы баланы түсіну үшін тез арада балаға сын айту немесе баға беру болып табылады.
Бесінші шарт- баланың педагогтың эмпатиясы мен конгруэнттілігін сезінуі. Егер алдындағы үш шарт нәтижелі орындалса, онда бұл шарттың орындалуы үшін көп күш қажет етілмейді.
Ресейлік ғалым Т.В.Анохинаның пікірінше, оқушыларды сапалы педагогикалық көмекпен қамтамасыз ету,төмендегідей педагогикалық принциптерді қстануына байланысты:
-баланың көмек пен қолдау көрсетуге келісуі;
-оқушының тұлғалық мүмкіндіктер потенциялына және өздерінің күштеріне сүйену;
- қиыншылықтарды өз бетінше шешудегі баланың қабілетіне бейімделу;
-біртұтастық, ықпалдастық, өзара байланыс;
- конфиденциалдылық;
- қайырымдылық және қауіпсізділік;
- адамгершілік қасиеттері мен құқықтарын, денсаулығын қорғау;
- «қауіп тудырма» қағидасын ұстану;
- үрдіс пен нәтижеге рефлексивті – аналитикалық тұрғыдан келу.
Педагогтар мен психологтардың фасилитация сұрақтары бойынша басылымдарына, педагогикалық қолдау мен психологиялық кеңес беруге, сонымен қатар өздерінің зерттеушілік және тәжірибелік іс-әрекеттеріне сүйене отырып проблемалық жағдайды шешуде педагогикалық өзара байланыс іс-әрекетінің әдістері мен тәсілдері, мазмұны мен кезеңдері анықталады. Мұндай жүйені технологиялық шынжырдың бірінші кезеңнің сигналдық деп атауға болады. Бастапқы кезеңнің осылай аталуы бекер емес, өйткені педагог бастапқыда балада шешілуі қиын проблеманың пайда болуы жайында бірнеше сигнал алғаннан кейін ғана белгілі бір көмек көрсету шараларын ойланыстырады.
Педагог байқаған сигналдар әртүрлі болуы мүмкін. Мысалға, баланың кешегі күнге қарағанда адекватты емес (агрессивтілі, конфликтілік, уайымшылдық, түнеру) мінез-құлқының байқалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет