Байланысты: ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис
Екінші кезеңді қатынастық- жасампаздық деп атауға болады, өйткені бұл кезеңде педагог балада пайда болған проблема жайында сигналды қабылданғаннан кейін ол баламен байланыс орнатуға тырысады. Осы мақсатпен тәрбиеші оқушының психологиялық күйін, қарым-қатынас пен өзара байланысқа дайындығын анықтап, әңгімеге тартпас бұрын эмоциялы-жағымды жағдай жасап, психологиялық кедергілерді жояды.
Осы кезеңде келесідей әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
ситуативті тест жүргізу;
өзара байланыстың ритуалды коммуникативті тәсілдері;
«Сен айт» (әңгіме барысында сіз серігіңіздің қазіргі эмоциялық күйін қалай қабылдайтыныңыз жөніндегі мәліметтермен алмасу) және « Мен- айтамын» (дәл қазіргі уақытта өзіңіз не сезініп отырғаныңыз жайында хабарлау).
Ситуативті тестілеу әдісінің көмегімен педагог оқушының вербалды және вербалды емес бейнесінде психологиялық күйі жайында ақпарат алады. Ритуалды коммуникативті өзара байланыс әдісінің көмегімен тәрбиеші баламен байланыс орната алады. Бұл әдісте «Бүгінгі ауа райы қандай ?» сынды сұрақтар кеңінен қолданылады. Байланыс орнатудың бастапқы кезеңінде баланың проблемасы жайындағы сұрақтарды қоймай-ақ қойған дұрыс, осы кезде одан гөрі баланың қызығушылығы, жақын арада болатын немесе болып кеткен мереке жайында баланың ойын білу арқылы баланы бірте-бірте әңгімеге бастау керек. Сұрақ та оның жауап бере алатындай болуы қажет.