Біріншіден, әр баланың өмірінде күрделі сұрақтар мен қиын міндеттер пайда болады, осыған орай, проблемасыз бала болмайды. Бұл нақты факторлар мен келіспеу қиын, бірақ педагогикалық тәжірибеде проблемалық деп тек қиын тәрбиеленетін қатысушыларды санайды.
Екіншіден, баланы проблемадан арылту мүмкін емес, оған қандай да бір проблемалық жағдайда адекватты және нәтижелі түрде көмек көрсетуге болады. Көп жағдайда мұғалімдер мен ата-аналарды толғандыратыны баланың проблемасы емес, сол проблеманы шешу үшін таңдаған тәсілі. Өкінішке орай, бұл проблемаларды шешудің тәсілдерімен теледидарлық бағдарламалар мен бейнакассеталарды қарау барысында, газет-журналдарды оқу және кейбір ересектермен қарым-қатынас барысында қаруланады.
Үшіншіден, кез келген қиыншылықты проблема ретінде санаудың қажеті жоқ, бұл жағдайда оқушылардың педагогикалық көмегінсіз, өз күшімен шеше алмаған жағдайдағы проблеманы атауға болады. Осыған байланысты кеңестік психолог Л.С.Выготскийдің баланың жақын және өзекті даму зонасын еске түсіруге болады. Дамудың өзектілік деңгейінде ол, бала проблеманы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше шеше алады десе, ал оқушының жақын арадағы даму зонасы ретінде психолог, бала проблеманы шеше алады, бірақ ересектер мен педагогтардың ықпал етуі арқылы ғана деп түйіндейді. Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша, дәл осы зонада екі үрдістің – тұлғалық пен оқушылық дамуы өзара әрекеттесуі қажет. Бірінші сұраққа жауап ала отырып, біз екінші қадам жасадық және баланың проблемалық жағдайда педагогикалық көмек көрсетуге тырысалық.
Бұндағы көмектесуші қатынастардың қалыптасу шарттары мен мүмкіндіктері жайында америкалық ғалым К.Роджерстің көзқарасы маңызды. Ол бес негізгі шартты ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |