Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері


Тақырыбы: Әлеуметтік педагогтың жеткіншектермен жұмыстану ерекшеліктері



бет40/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

Тақырыбы: Әлеуметтік педагогтың жеткіншектермен жұмыстану ерекшеліктері
Дәріс мазмұны:
1.Жеткіншктердің психологиялық ерекшеліктері
2. Әлеуметтік педагогтың балалармен жұмыстану шарттары

1. Жеткіншектің өмір сүру сарынында бірталай өзгерістер жиі-жиі болып тұрады. Ең алдымен, оқу үрдісіндегі іс-әрекетінің сипаты өзгереді және оның мектептік өмірдегі жалпы жағдайларының өзіндік салдарлары болады. Оқу материалының мазмұны ендігі жерде ғылымдар негіздерінің жүйелі көрініс ретінде түсіндіріледі. Оларды игеру жеткіншектік кезеңнің өн бойында ойлауы мен ұғымдарының қалыптасуына әкеліп, оның психикалық тұрғыда дамуына мықты әсер етеді. Жаңадан алынған білім кіші ьоптағы жеткіншектердің қоршаған орта туралы түсінігін дамытып, өмір құбылыстарының тың көкжиектерін ашады.


Жеткіншектік кезеңніңшектері шамамен балалардың орта мектептің 5-8 сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы 5 сыныпқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте немесе кеш болуы мүмкін.
Жеткіншектік кезеңді балалық шақ кезеңіне жатқызуға болады. Бұл кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыни» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір шағынан екіншісіне өтумен байланысты даму үрдістерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастармен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ерекшелік элементтері пайда болады.
Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтілік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттандырарлық қарым-қатынас орнатуға бағытталады.
Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты; бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады; мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе, күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт сипат адлады. Біріншіден, болып жатқан өзгерістер екнің бірінде, бір жағынан, жеткіншектік өзінде әртүрлі елеулі субьективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады. Ал екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады; жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әртүрлі формалары (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық) пайда болды.
2. Баланы тәрбиелеу жүйесінің маңызды элементтерінің бірі, бала үшін маңызды мәселелерді шешуге әлеуметтік-педагог тарапынан көмек көрсету. Бала тұлғасының дамуына педагогикалық ықпал етуі жетістікке әкелу үшін, педагог проблемалық жағдайды дұрыс шешуге және дер кезінде байқап қалу қабілетін иеленуі керек.
Мұғалімнің проблеманың не екендігінен, оның шешілуіне қандай шарттардың әсер ететінінен, тәрбиеленушілерге қалай педагогикалық көмек көрсету жайында хабардар болуы оның әрекетінің балалардың проблемалық жағдайларын нәтижелі шешуіне ықпал етеді.
Анықтамалық әдебиеттерге сүйене отырып, «проблема» феноменін анықтап беруге, кейбір белгілерді айқындауға мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет