Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері


Ішкі ресурстарды өсіру механизмінің



бет38/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

3. Ішкі ресурстарды өсіру механизмінің реаблитациядан айырмашылығы қазіргі уақытта ресурстары жасына сәйкес, оны қалпына келтіріп керек емес ресурстарға ықпалды білдіреді (әлеуметтік тәжірибені қалыптастыру, белсенді өмірлік позиция).
4. Ресурстарды тікелей беру механизмі әлеуметтік қамтамасыз етудің барлық формаларына әрекеті (зейнетақы, жеңілдіктері) және клиенттерге заң, медициналық, психологиялық сұрақтар бойынша ақпарат беруде (кеңес беру).
5. Ресурстарды резервтеу механизмі ең бірінші қаржылық құралдарды жинақтау және әлеуметтік сақтауда көрінеді (зейнетақылық қамтамасыз етудегі сақтау практикасының дамуы, денсаулықты сақтандыру т.б.)
1. Әлеуметтік-педагог қызметі процесінде субъектінің, объектінің, құралдардың және іс-әрекеттің сыртқы жағдайларының өзгерісі жүзеге асады. өзгерістің бағыты іс-әрекеттің мақсатымен анықталады.
Мақсат – болашақ іс-әрекеттің идеалды образы болып табылады. 2 деңгейде құрылымдануы мүмкін:
1) идеал-мақсат (стратегиялық мақсат) оған қол жеткізу күш салудың кешенділігі мен ұзақтығын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет үшін идеал-мақсат ретінде баланың әлеуметтік өмірдің субъектісі ретінде қалыптасуы және мақсатты түрде педагогикалық ортаны жасауын айтуға болады;
2) мақсат- іс-әрекеттің күтетін нәтижесі ретінде (тактикалық мақсат). Әлеуметтік-педагогикалық қызмет үшін басқа да кәсіби іс-әрекет түрі секілді бірнеше осындай текті мақсаттарды көрсетуге болады, мысалы:

  • Тұлғаның дербестігі, өз өмірін бақылауы, туындаған проблемаларды тиімді түрде шешудің деңгейін арттыру;

  • Тұлға максималды түрде өз мүмкіндіктерін көрсетіп, өзіне заңды түрде тиесілі нәрселерді толық түрде алуына жағдай жасау;

  • Тұлғаның қоғамда бейімделуі және қайта бейімделуі;

  • Адам денелік шаршауы, жан дүниесінің қобалжуы, немесе өмірлік дағдарысының болуына қарамастан, өзіндік ар-ұяты, өзгелердің өзіне деген құрметін сақтауына жағдай жасау.

Бейімделу (Адаптация) - өзгермелі ортаға тұлғаның немесе топтың белсенді түрде үйреніп, бейімделуі.Реқосымшасы әрекеттің қайта жаңғыртылуы немесе қайталануын білдіреді.
Мақсат күтілетін нәтиже ретінде идеал-мақсатқа қатысты айтылса, міндет түрінде көрініс табуы мүмкін. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті екінші деңгейлі мақсттрмен шектеу оның тұлғаға бағдарланған мәніне қарама-қайшы келеді. Адамның алдында тез қол жетерлік жеке мақсаттар ғана емес, сонымен қатар магистралды бағытталған даму, жетілуге бағыттылған мәселе тұрғанда ғана өз шешімін табады. Мақсатты идеал мақсатпен шектеу алда тұрған іс-әрекетті тиімділігін төмен, нәтижесі шамалы етеді
Мақсат «тігінен» (бастапқы, аралық, ақырғы мақсаттар), «көлденеңінен» (қызмет көрсетілетіндердің жұмыс орны, мамандығы, контингентіне байланысты) нақтыланған болуы мүмкін. Әлеуметтік-педагогтың негізгі міндетінің бірі - перспективті, стратегиялық және нақты мақсатарды анықтау болып табылады.
Осылайша, әлеуметтік-педагогтың негізгі элементінің бірі мақсатты болжау болып табылады. Мақсатты болжаудың орталық мәселесі мақсатты құрастыру және оған жетудің оңтайлы құралдарын табу болып келеді. Мақсат әдетте адамдардың көмегімен болжанатын болғандықтан онда субъектитілік элементтері болады. Сондықтан субъектитілік жағы мақсатты болжау процесінде басымдық көрсетпеуін қадағалау керек.
Мақсаттардың сенімді және шынайы жүйесін жасау – тек қана теоретикатерді қызықтыратын абстрактылы мәселе емес. Мақсаттардың нақты реттелген, иерархиялық жүйеленуін пайдалану педагог-практик үшін келесі себептен маңызды болып келеді::
1) басты мәселеге күшті шоғырландыру. Таксономияны пайдалана отырып, әлеуметтік-педагог мақсаттыкөрсетіп, нақтылап қана қоймайды, сонымен қатар бірінші реттегі міндеттерді бөліп көрсетіп, реттейді, одан әрі жасалытн жұмыстың перспективасын анықтайды;
2) әлеуметтік педагогтың балалармен жүргізілетін жұмысының анықтылығы және мәнділігі. Нақты мақсат қоя алу маманға оқушылармен бірге міндеттерді шешу іс-әрекеті барысында бірлескен жұмысына бағдарлануын, қажеттіліктерін жүзеге асыру, мәселені шешу, оларды талдау, қызығушылық танытқандар үшін (ата-аналар, инспекторлар) ұғымды ету, ашық болуына мүмкіндік береді;
3) әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелерін бағалаудың эталонын жасау. Мақсатты күтілетін нәтиже ретінде қарастыру оны объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет