Тақырыбы: Ұйымдастырушылық әлеуметтік-педагогикалық технологиялар Дәріс мазмұны: 1.Ұйымдастырушылық әлеуметтік-педагогикалық технологиялар
2. Тәуекел тобындағы балаларға тән мәселелер
1.Жалпылама олар «тәуекел тобындағы» балаларды анықтауға, олардың проблемаларын шешуге, жеке топтық жұмыс бағдарламаларын құрып оларды іске асу шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Тәуекел тобындағы балалар мен жасөспірім жайлы мәліметтеро қорын қалыптастыру – әлеуметтік-педагог әрекетіндегі берілген басты қызмет болып табылады. Өйткені, бұл мәліметтер кәмелетке толмағандардың мәселелерін шешетін әртүрлі құрылымдардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ондай жалпы ортақ мәліметтерге – үйлері жоқтар, қайыр тілеумен айналысатындар, кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарындағы балалар, әлеуметтік баспаналарда, балаларға көмек көрсету орталықтарында орналасқандар дәрігер нұсқауынсыз есірткіні немесе психотропты заттарды қабылдайтындар , заңға бағынбайтындар, әкімшілік жауапкершілік жасына дейін заңды бұзғандар, амнистия жайлы акт салдарынан заңды жауапкершіліктен босатылғандар, заңды жауапкершілік жасына дейін қылмыс істегендіктен жауапкершілікке тартылмағандар категориясы жөніндегі ақпараттар жатады.
Мәліметтер қорын қалыптастыруда келесідей жағдайлар нақтыланады:
Бақылауға қоюдың негіздері қандай?
Жасөспірімдермен қандай құрылымдар жұмыс істейді?
Мәселені шешу үшін қандай жұмыс атқарылады?
Берілген мәселені шешу үшін қандай әрекет қолдануға болады?
Мәліметтер қорын қалыптастырғанда әлеуметтік қызметкерлер баланың конфиденциалдық құқын сақтайды, ақпаратты тек қызмет мақсатында қолданады.
Әлеуметтік – педагог іс – әрекетіне түсетін балалар мен жасөспірімдердің жеке және әлеуметтік даму мәселелерінің диагностикасы.
Берілген қызмет әрбір баланың әлеуметтік және психологиялық – педагогикалық ерекшеліктерін табу үшін қажет.
Ол үшін әлеуметтік – педагог баланың қандай жағдайда орналасуын білу мақсатында ата – анасымен, мұғалімдерімен, баламен жұмыс істейді.
Әлеуметтік педагог:
Баланың жеке ерекшеліктерін зерттеп, оның мүдделері мен қажеттіліктерін анықтайды, дағдарыс жағдайларын және олардың пайда болу себептерін анықтап, дағдарыс жағдайларының пайда болу көздерін бақылайды.
Бала өмір сүретін микроортадағы қарым – қатынастарды зерттейді.
Осындағы педагогикалық диагностиканың маңызды құралы – бақылау болып табылады.
Баламен, топпен, ортамен жүргізілетін әлеуметтік – педагогтік әрекеттердің бағдарламаларын құру және бекіту.
Диагностика нәтижесі бойынша әлеуметтік – педагог мәселені шешеді, олардың тиімді іске асуы үшін адекватты психологиялық – педагогикалық құралдарды таңдайды. Құрастырылатын бағдарламалардың барлығы:
Әлеуметтік-педагогикалық әрекетінің, әдістерінің және құралдарының мақсатқа сай болуы;
Болжамдылық;
Күтілетін нәтижелердің өлшемділігі сияқты сипаттамаларға ие болады.
Бағдарламалардың іске асырылу шарттарын қалыптастыру.
Әлеуметтік – педагог бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне байланысты қатысушылар мен білім беру орталықтары, отбасы арасында делдал қызмет атқарады. Жеке әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларды іске асырады. Топтық және қоғамдық бағдарламалардың іске асуына араласып, бақылайды және ұйымдастырады.
Кеңес беру.
«Тәуекел тобындағы» балалардың әлеуметтік – педагогикалық мәселелерін шешуге ынтасы бар тұлғаларға кеңес беруді қарастырады. Осы мақсатпен әлеуметтік – педагог мектепте белгіленген уақытта оқушыларға, ата – аналарға, мұғалімдерге кеңес береді.
Әлеуметтік – педагогикалық мекемеаралық байланыстар белгілі бір шектеулермен іске асады. Өйткені ол клиенттің құпиясын сақтауға негізделген.
Тәуекел тобындағы балалармен жеке және топтық жұмыстың әлеуметтік – педагогикалық технологиялары. Олар өз кезегінде келесідей кезеңдерден тұрады:
Баланың ерекше мәселелерін нақтылауға мүмкіндік береді;
Алдындағы кезеңдермен мағынасы жағынан байланысты келеді. Кезеңдер мақсаттарының бірі орындалмауы оның қайта іске асырылуын талап етеді.
Өзінен – өзі бала жағдайын тұрақтандыратын құрал ретінде қарастырылады.
Белгілі бір әлеуметтік – педагогикалық технологияның мазмұны баланың нақты мәселесімен анықталады.
Сондай-ақ тәуекел тобындағы балаларға тән мәселелер де кездеседі. Осындай мәселенің бірі кәмелетке толмағандардың шарап не есірткі қолдануы.
Жалпы білім беретін орындарда есірткі мәселесі бойынша балалар мен жеке топтың алдын алу жұмыстарының әлеуметтік-педагогикалық технологиясы әлеуметтік педагогтан:
Тәуелділікке икемі бар балалардың мәліметтер қорын қалыптастыру және зерттеу;
Білім беру орындарында кәмелетке толмағандар тәуелділіктерінің портретін құру;
Білім беру орындарындағы тәуелділікке икемді кәмелетке толмағандар жайлы ақпарат көздерін зерттеу;
Балалармен және ата – аналармен қарым-қатынас сферасын (эмоциялық ұйымшылдық, қызығушылық, қызмет көрсету, сенім) қарастыру;
Кеңес беру;
Алдын алу жұмыстарының бағдарламаларын құру (әлеуметтік – педагог ғылыми кеңесшісі, яғни, дәрігер, нарколог немесе психолог көмегімен де ұйымдастырып іске асырады);
Топтық алдын алу жұмыстарының бағдарламалары: ақпараттық – насихаттық, рөлдік, ойындық, іскерлік сияқты қызметтерді талап етеді.
Жеке топтың алдын алу жұмыстарының технологиясын тиімді іске асыру үшін әлеуметтік – педагог алдын алу жұмысы мен балаларға көмек көрсетуденақты құзыретті болуы тиіс.
Бұл жұмыстар ғылыми-әдістемелік және технологиялық құралдармен қамтамасыз етілуі керек. Әлеуметтік қалыпты жағдайдағы баламен жұмыс барысында әлеуметтік-педагог төмендегідей заңдылықтарға сүйенеді:
Қауіп төндірме;
Бағалама;
Адамды қалай бар, сол қалпында қабылда;
Құпиялықты сақта;
Клиентпен өзара қарым-қатынаста шекті сақта;
Ешқашан кеңес берме;
Арнайы терминдерді аз қолдан;
Еріктілік принципін сақта.
Соңғы жылдары еліктіргіш заттардың көбеюіне байланысты уланған жасөспірімдердің саны молая түсуде. Еліктіргіш нәрселерді жиі қолдану құмарлық тудырып,бұл заттарға деген қажеттілік те күшейе түсуде. Бұл жағдаймен күресу қазіргі кезде жан-жақты (медицина, құқық, педагогика, психология, т.б.) қарастырылған. Осының ішінде сирек кездесетін әдістің бірі –аутогендік жаттығулар. Психотерапиялық әдіс – ауру адамды емдеу үшін қолданылатын ғылымға негізделген жүйелі психикалық әсер. Мұның негізгі түрі – сөзбен әсер ету. Бірақ психотерапияда сөзден де басқа көптеген факторлар қолданылады. Солардың бірі адамның өзін – өзі реттеу мақсатындағы жаттығулар. Психотерапиялық емдеу әдістемелерінің бірі – аутогендік жаттығу (грек. Autos-өзім). Емделушіні бұлшықеттік релаксацияға, өзін-өзі иландыруға, адам зейінін әлдебір көріністерге шоғырландыруға және әлдебір көріністерді көз алдында елестету бейімділігін арттыру мақсатымен еріктен тыс жүзеге асатын ақыл – ой белсенділігін бақылай білуді оқытып-үйрететін психотерапевтік емдеу әдістемесі. Аутогендік жаттығулар медицинада, спортта, әлеуметтік – педагогикада, өндірісте, психологияда, өзін-өзі тәбиелеуде қолданылады.
Бұл құбылыстың да психофизиологиялық механизмі жете тексерілмеген. Бірақ оның механизмі өзін-өзі сендіру мен гипноздағыдай. Өзін – өзі жаттықтыру негізінде Р. С.Шульц ұсынған алты жаттығуды атап өтейік. Бұл жаттығулар жатқан не отырған күйінде орындала береді.
1 – жаттығу. Көзді жұмып, «мен толық тынышпын», «менің оң қолым мүлдем ауыр емес» деу керек. Бұл жаттығу 1-2 минутқа созылып, 2-3 рет қайталанады. Бірнеше күннен соң осы жаттығуды сол қолы мен аяқтарына жасау керек. Жаттығудан соң үш рет буындарды шұғыл бүгіп, қолдың басын жұмып, қатты дем шығарып, көзді ашу керек.
2 – жаттығу. Денені ауырлатуға ғана емес, аяқ-қол мен бүкіл дененің біртіндеп жылынуына бағытталады. Ұзықтығы екі апта.
3 – жаттығу. Жаттығу жүрек соғуының жиілігі басқаруға арналған.
4 – жаттығу. Бір қалыпты және іштей тыныс алу қабілетін тудырады. Мұның алдында алдыңғы үш жаттығу қайталанады.
5 – жаттығу. Іштің жылынуын сезіну. Оның алдындағы төрт жаттығу қайталанады.
6 – жаттығу. Әуелгі бес жаттығудан соң, сол жақ маңдайдың біраз салқындағаны сезіледі. Бұл жаттығулардың ұзақтығы 2 аптаға созылады, сондай-ақ үзіліссіз жүргізіледі.
Өзін – өзі жаттықтыру жүрек қан тамырлары мен жүйке жүйесі ауыратындарға жасалынады. Бұл әдіс емтихан, спорт жарыстары алдында, ми мен дене шаршағанда, психогигиеналық және психопрофилактикалық мақсаттарда да жүргізіледі. Мұндай жаттығулар арқылы адам өзінің сезімі мен ойын басқара алады, әсіресе девиантты мінез – құлықты балаларда өзін – өзі реттеуге және басқара алуға мүмкіндік береді.