Байланысты: ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис
Эмоциялық тұрғыда ауытқушылықтары бар балалармен жұмыс істеу барысында педагогтарға ұсыныс:
балаға өзінің көңіл-күйін басыпотыруды үйретуге ұмтылмау керек, басты басты міндет олардың сезімдердің дұрыс көрсете білуге үйрету қажет;
Эмоция қоршаған ортамен өзара байланыс процесінде пайда болады. Сол үшін де балаға сыртқы ортаның түрлі жағдайларын адекватты түрде қабылдауға дайындау қажет;
Баланы қажетсіз уайымдардан шеттеудің қажеті жоқ. Бұл қазіргі біз өмір сүріп жатқан ортада мүмкін емес, жалған «жылы атмосфераны» құрып біз тек уақытша ғана баланы проблемадан арылта аламыз, біраз уақыттан кейін бұл проблема одан сайын өрістей түседі;
Баланың сезімін бағалауға болмайды, ол уайымдайтын нәрсені уайымдама деп айту мүмкін емес. Әдетте, аффективті реакцияның күшейе түсуі-эмоциаларды ұзақ уақыт бойы іште ұстап қалуының нәтижесі.