Ата – аналарға арналған тексеру:
Ең маңыздысы жасөспірімнің анашаны қолдана бастаған уақытты көз алдынан жіберіп алмау. Жасөспірімнің теріс әрекетке баруын бейнелейтін мынандай белгілерді бөліп қарастыруға болады:
Үйден ақшаның немесе бағалы заттардың жоғалуы;
Ақшаны көп жұмсау және көп мөлшерлеп сұрау;
Бір түрлі, сіз әлі кездестірмеген ұнтақтың, капсулалардың, дәрілердің пайда болуы;
Мыжылған фольга, инелер және шпицтар;
Бір түрлі реакциялар: мысалға, агрессия, ашу – ыза;
Көңіл –күйінің лезде активті күйден пассивті көңіл-күйге, қуаныштан қайғылы күйге өзгеріп отыруы;
Тәбетінің болмауы,салмағының төмендеуі;
Кезінде жасөспірім үшін маңызды болған нәрселерге қызығушылығының төмендеуіс-хобби, сабақ, спорт, достар;
Достар шеңберінің кенеттен өзгеруі;
Мезгілсіз ұйқының жиі қайталануы;
Жасөспірімнің денесінде және киімінде белгісіз іздердің, иістердің, дақтардың болуы;
Өзінің баратын жері жайында хабардар етуден бас тарту, өтірік аайту;
Сөйлеу мәнерінің нақты болмауы;
Сабаққа бармау немесе мектпетегі сабақ үлгерімнің кенеттен ешқандай себепсіз төмендеуі.
Айтылып өтілген белгілер көбінде жасөспірімнің жекедара мінез – құлқына да байланысты болуы мүмкін, сол үшін де ерте шешім қабылдамаңыз. Бірақ сақ болғаныңыз жөн!
Достарыңызбен бөлісу: |