Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері



бет82/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

Агрессивті балалар. Әрине әр бала белгілі бір жағдайларда өзінің агрессиясын көрсетеді, бірақ біздің айтып жатқан агрессия шектен шығып кеткен, ұзық уақытқа созылған кейде аффектілік мінез – құлыққа әкеп соқтыруы мүмкін.
Эмоциялық – ұстамсыз балалар.Ондай балалар өздерінің көңіл – күйлерін өте қатты білдіреді. Мысалыға қуанғанда немесе қайғырғанда бүкіл сыныптастарының құлағын жарып жіберуге дейін барады.
Өте тұйық жіне ұйымшыл балалар. Олар өздерінің көңіл – күйлерін, эмоцияларын қатты және анық көрсетуге ұялады. Басқалардың көңілін өзіне аударуға қорыққандықтан тыныш қана іштей уайымға салынып отырады.
Мұғалімге эмоциялық даму сферасында қиыншылықтары бар балалармен жұмыс барысында отбасындағы тәрбие ерекшеліктерін анықтап алу қажет. Психологиялық әдебиеттерде баланың ауытқушылықтарына әкеліп соғатын дұрыс емес тәрбиенің бірнеше түрлері көрсетіледі. Біз олардың кең тараған төрт түріне тоқталамыз:

  1. Қабылдамау. Бұл балалардың дүниеге келуін қажетсінбеген немесе ұлды күткен жағдайда қыздың туылғаны, бір сөзбен айтқанда бала ата – ананың бастапқы қажеттіліктерін қанағаттандырмаған отбасыларда байқалады немесе балаларға қамқорлық көрсетеді бірақ оларға деген рухани қатынастың болмауынан да көрінеді.

  2. Гиперәлеуметтік тәрбие. Бұл ата – ананың дұрыс емес бағытты ұстануынан пайда болуы мүмкін. Бұл «идеалды» тәрбие беруде бүкіл ережелерді ұстанатын тым «дұрыс» адамдар гиперәлеуметтік бала өзінің эмоциясын және тілектерін үнемі басып отыруға мәжбүр болады. Нәтижесінде тұйықтық немесе агрессия орын алады.

  3. Уайымшылдыққа салынған тәрбие. Жалғыз баласы бар отбасында жиі байқалады. Бұл жағдайларда бала тез ренжігіш, өз бетінше шешім қабылдай алмайтындай болып өседі.

  4. Қабылдаудың эгоцентристік түрі. Баланы алақанға ұстап өсіреді, нәтижесінде бала басқалардың қызығушылықтарын қабылдамайды.

Бұнда екі аспекті жайында сөз қозғайға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет