Демонстрациялық материалдар түрі:
презентация, мультимедиялық
кешен.
Дәріс түрі:
тезис дәріс
Оқушылардың портфолиосы
Портфолио
дегеніміз оқушы немесе мұғалімнің оқып білім алу және
басқа да салалардағы жетістіктерін тіркейтін, жинақтайтын, бағалайтын және
қорытындылайтын жүйе, тәсіл. Оқушының жұмыс папкасы ғана емес, алдын
ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері мен оқушының барлық
жұмыстарын оның ішінде емтихан жұмыстарының қорытындыларын да бір
жүйеге біріктіретін, оның білім-біліктілігінің әр түрлі салаларын
байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Портфолио оқушының оқудың
әр түрінен алған жетістіктерін қорытындыларын есептеуге мүмкіндік береді.
Оқу жетістіктерін бағалаудың осы түрін қолдану мұғалімге әр
оқушының жетістік деңгейлерін танып отыруға қолайлы. Портфолионы құру
үрдісінде оқушы мұғалімге тәуелділігін толықтай жоғалтады, ол өз бетінше
жұмыс істеуге үйренеді, өзін өзі бағалауы қалыптасады, яғни оқушы өзін өзі
бағалауға үйренеді.
Оқушы портфолиосы оқушылардың дескрипторлары жазылған
жиынтық
жұмыстарын,
барлық
пікірлерді,
ұсыныстарды,
өздерін
бағалауларын сақтауға арналады.
Достарыңызбен бөлісу: