Дәрістер кешені 1-тарау Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың


формативті (қалыптастырушы),суммативті (жиынтық), дескрипторлы



Pdf көрінісі
бет2/110
Дата11.05.2022
өлшемі1,25 Mb.
#141881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
Байланысты:
Д рістер кешені 1-тарау О ушыларды о у жетістіктерін лшемдік б
Оценка результатов обучения
формативті
(қалыптастырушы),суммативті (жиынтық), дескрипторлы 
(сөзбен баяндау) 
түрлері. Формативті бағалау да, суммативті бағалау да 


білім беру жүйесінде қолданылатындығы. Формативті бағалаудың мақсаты 
білім алушылардың оқуын жақсарту екендігі. Білім алушы өзінің білім 
деңгейін біледі, ал мұғалім бағалау үшін қай бағытта жұмыс атқару керектігі. 
Жылдық, тоқсандық, қорытынды бағалау. 
Бақылаудың тақырыптық түсін ұйымдастырудың практикалық мәселелері 
П.Горбунов, У.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.Қ.Исаков, Е.И.Теповский, 
С.Ф.Сухорский, Чергинский, ғылыми педагогикалық еңбектерінде талдаған. 
Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында 
М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л.Доган теориялық талдау 
жасаған. Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің 
теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қортынды шығаруға 
болады. Себебі «есепке алу» «бақылау» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-
тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған. 
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі оқушылар 
білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс 
көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік оның жеткілікті түрде ішкі және 
сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде 
оқыту процесінде сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін 
қолдана алмайды. Жоғарыда айтылған тұжырымдамаларға сүйене отырып, 
білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың 
теориялық талдауы мен практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса 
қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз. 
20-жылдары үй тапсырмасын беру білімді және емтиханды бағалауды 
оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды. Соның нәтижесінде оқушының 
үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау түрлері кең көлемде тартылды. 
Ол 
бір 
жағдайда 
үлгерім 
нәтижесін 
бақылауда 
иесіздік, 
жауапкершіліксіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне 
кері әсерін тигізді. 
30-жылдары білім, білік, дағды нәтежесін есепке алуды, бақылау 
(Е.В.Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне көптеп көңіл аударыла бастады. 
40-60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық білім мен практика 
тәжірибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды. 
Онда білімді бақылау (Е.И.Перовоский) оқушыларды бақылау ретінде 
қарастырылды. Оқушыларды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, 
кейіннен оны дамыту қызметі ойластыруды. (Н.Т.Даири). 
Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70-жылдары Педагогика 
ғылым академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу 
институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-
тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің 
диагностикалық қызметі айқындалды. 
80-жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау мазмұны, 
амал тәсілдері мен қызметінің дидактикалық әдістемелік негіздерін талдап, 
жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған 
мәселелер, үлгерім нәтижелерін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру 
жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет