Білімді бақылау және
бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде
қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік,
жан-жақтылық,
жүйелік,
жеке-даралық,
дифференциалдық
және
тәрбиелік.
Әділдік, шындық
(білім сапасының нақтылығы,
баға өлшемі мен
ережесі нормасына қатысты) - бұл субъек-тивтік факторларды болдырмауды
көздейді.
Жүйелік, бірізділік
-
әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу
әрекетінің басқа буындарымен
байланыстыра қаралып, оқыту процесінің
барлық кезең-дерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша
оқыту
нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау,
сабақтар бойынша
балл
қою
т.с.с.)
Жеке-дара қатынас
- әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның
қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.
Жан-жақтылықта
- бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін
қамтиды, оқушылардың
теориялық білімдерін, интеллектуалдық және
практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: