Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен
тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі
себептерге
байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті
қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және
дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау
бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді.
Дербес бақылауда оқушылар жауабының
логикалық бірізділігі, олар өз
пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса
көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет.
өзін-өзі
бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және
дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. өзін-өзі
тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған
жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан,
оқушы білімін
бағалауда немқұрай-лылыққа салынуға болмайды.
Баға ''балл'' есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның
өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық
құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі ''5''
балдық жүйелер қолданылады.
''5'' бағасы - оқу материалын толық, дәл логикалық, бірізділікпен
айтылған жауапқа қойылады;
''4'' бағасы - оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі
бар жауапқа қойылады;
''3'' бағасы - жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде
кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады; ''2'' бағасы - оқушы
жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады;
''1'' бағасы - тексерілген оқу
материалы бойынша білімі жоқ, толып
жатқан
өрескел
қателер
үшін
қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: