Ендеше қазіргі кезеңде оқушыға тек жаңа білім жүйесін берумен
шектелмей, оның оқуды және оған керек біліктілікті үнемі қажетсініп
отыруын тәрбиелеу керек.
Мұғалімнің ең алғашқы міндеті - оқушылардың білім, білік,
дағдыларын есепке ала отырып, оларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету
Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc
жасайтын,
бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу. Қазіргі қоғамның
өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, әкономикалық өзгермелі жағдайларда
өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға,
жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға
қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік,
жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге
асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем
жаңа бағытта жұмыс істеу
қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір
жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау .
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол
арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары
мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл
жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады.
Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей
алатындығын анықтау қажет.
Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері жаттанды түрде есте
сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланады, бірақ, мәні терең
меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды.
Ал қазіргі
дамыған қоғамда азаматтың тек қана білім алуы жеткіліксіз, ең маңыздысы
— сол алған білімін күнделікті өмірлік жағдаятта тиімді қолдана білуі қажет.
Сол себепті, қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға
басымдық беріліп отыр. Дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап
бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Оқушыны тым
көтермелеп немесе төмендетіп алады. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға
алғанын білмей күмәнмен қарайды, сабаққа деген қызығушылығы
төмендейді.Себебі: білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға
мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері
және мұғалім мен
оқушы арасындағы кері байланыстың болмағандығынан . Егер әр білім
алушыға, оның ата-аналарына түсінікті анық, өлшемді бағалау критерийлері
берілсе, объективті бағалауға қол жеткізуге әбден болады.
Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың
көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский,
Н. А. Сорокин бақылауды күнделікті,
оқтын-оқтын, қорытынды деген
пікірлер айтады. Ал Г. И. Щукина - күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын,
қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е. А. Дмитриев -
күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген.
Достарыңызбен бөлісу: