Қазақша мәтіндер арқылы компьютер, оның пайда болуы, ғаламтор,оның ерекшелігі жайлы мағлұмат беру. Лексикалық тақырып аясында диалог-сұхбатты меңгерту.
Дамытушылық:
Жаңа тақырып аясында берілген мәтіндермен жұмыс істеу арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды компьютерді тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Жаңа сабақты игерту сабағы
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): сөйлеу үлгілері арқылы компьютер мен ғаламтордың адам өміріндегі рөлін түсінеді, оның пайда болуы, өзіндік ерекшелігі жөнінде ақпарат бере алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты қысқа сөйлемдерді қолдану арқылы компьютерді, оның пайдасы мен зиянын сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): компьютерді қолдану жөнінде мәтін құрайды, сыныптастарымен тақырып аясында диалог құрады.
Негізгі түсініктер:
Компьютерлік бағдарламалар, дербес компьютер, пернетақта, логикалық құрылғылар, жүйелік блок, техникалық мүмкіндіктер, ғаламтор желісі, ақпараттар алмасу, танымал құрал, браузерді таңдау.