Дәрістер кешені Алматы -2020 1-дәріс. Тақырыбы



бет17/28
Дата25.12.2021
өлшемі113,91 Kb.
#105555
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
лекция Сервисная культура 20

10-дәріс. Тақырыбы: Қонақтарды тіркеу және орналастыру тәртібі

Дәрістің мақсаты: Қонақтарды тіркеу және орналастыру тәртібі туралы білім беру

Кілттік сөздер: мәдениет, іскерлік әңгіме, іскерлік қатынас, әтикет, іскерлік әтикасы, психологиялық мәдениет, кәсіпкерлік мәдениет

Негізгі сұрақтар

1. Қонақтарды тіркеу тәртібі

2. Қонақтарды орналастыру тәртібі

Операциялық үрдістің келесі бөлігі - қарсы алу, орналастыру, тіркеу, кілтті тапсыру және бөлмеге дейін апару үрдісінен түрады. Қонақты қарсы алу екі түрі болуы мүмкін: әуежайда немесе вокзалда (алыс маңайда); қонақ үйдің кіре берісінде немесе вестибюлде карсы алу (жақын маңай). Алыс маңайда қарсы aлy қонақ үйге жеткенге дейін қонақпен танысуға, қызмет көрсету бағдарламасын кұру және түзетуге, қонак үй туралы және көрсетілетін кызметтер туралы әңгіме жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай кездесу туралы, брондау уакытында келісуге болады. Жоғары классты отельдерде конақтарды қонақ үйдің кіре берісінде тұратын швейцар қарсы алады. Шағын қонақ үйлерде қонақ қабылдау және орналастыру қызметінің тұрағына келіп, әкімгермен кездеседі. Егер клиент конак үйдің түрақты клиенті болса, оның аты - жөнін атаған дұрыс. Бұл жағымды әсерді қалдырады. Көптеген қонақ үйлер үшін әкімгердің тұрақтың артында отырмай, тұрып қарсы алуы басты ереже болып табылады. Санаты әр түрлі қонақ үйлердегі тіркеу үрдісі қызмет көрсету уақыты және сапасымен ажыратылады, бірақ қонақ туралы ақпарат барлық жерде бірдей болады. Автоматтандырылған жүйесі бар отельдерде тіркеу үрдісі жедел өтеді.

Тіркеу үшін жүгінетін клиенттердің екі түрі болады. Біреулерлі қонақүйдегі бөлмелерге алдынала тапсырыс беретін болса, баскалары дәл келген уақытта тапсырыс береді. Автоматтандырылган конақ үйлерде қонақты бронь бойынша орналастыру бірнеше минутты ғана алады. Белгілі жапон қонақ үйінде сәлемдесуден кілтті тапсыру кезеңі 45 секундтты ғана алады. Алдын ала тапсырыс берген уақытта клиент туралы деректер брондау сұранымында белгіленеді. Әкімгер сұранымның нөмірін нақтылап, компьютерлік жүйеде қажетті модульды таңдап, тіркеуді жүргізеді. Қонақтан тек тіркеу карточкасына қол қою ғана талап етіледі. Алдын ала тапсырыссыз бөлмені брондау үрдісі, көбірек уақытта қажет етеді, кей кездерде бес минутка дейін. Бүл жағдайда әкімгер қонакка қажетті орналастыру сипатын ескереді. ГОСТ 28681.4-95 «Туристік-экскурсиялық қызмет көрсету. Қонақ үйлердің жіктелуі» атты Мемлекетаралық стандартына сәйкес, «орындаушы түтынушымен кызмет корсету шартына отыруы қажет. Қызмет көрсету шарты тұтынушының паспорты, эскери билеті, жеке куәлігі, белгілі тәртіпте түтынушының тұлгасын куаландыратын баска да қүжатты ұсынган кезде жүзеге асырылады». Егер орналасу үшін қажетті іс - әрекеттер расталган болса, клиент Атқарушы мен Түтыныушы арасындағы шарт болып табылатын тіркеу карточкасын (анкета) толтырады. Анкетада конақ тұракты мекен - жайын, қонак үйде түру кезеңіне төлем жүргізетін үйымды (егер ол үшінші жакпен жүзеге асырылган болса), төлем түрін (колма-қол акша, несие карточкасы жэне т.б.) көрсетеді.

Карточканы толтырғаннан кейін, клиент орналастыру түрін, қонақ үйде тоқтаудың ұзақтығын жэне бөлме құнын растайтын қонақ үйдің шартына қол қояды. Қонақ анкетаны толтырғаннан кейін, әкімгер қонақтың паспортындағы және анкетадағы деректерді салыстырып, анкетаға қонақтың түратын бөлмесінің нөмірін, келген күні мен уақытын жазып, оған қол қояды. Ары қарай әкімгер қонаққа - бөлмені немесе бөлмедеге орынға орналасуға құқық беретін қүжатты береді. Орналасу рұқсаты қағазының екі данасы дайын- далады (кассир мен портье үшін немесе уақытында бөлменің босатылуын бақылау үшін қабаттағы кезекшіге беріледі). Төлемді жүргізгеннен кейін шоттың екінші данасын алады - ол қонақ үйде тұру жэне қызметтерін пайдаланғаны үшін төлем жүргізетін құжат. Тіркеу кезінде қонаққа бөлмеде тұрғаны үшін төленетін шот беріледі. Ол тәулік санына көбейтілген бөлменің (немесе орын) тарифынан, брондау төлемі, қонақ тіркеу кезінде тапсырыс беретін қосымша қьізметтердің төлемдерінен және қонақ үй алымдарынан түрады. Әкімшілік кызметкері визит картасын (қонактың картасы) толтырады - ол қонақ үйге кіру және бөлменің кілтін алу құқыгын беретін кұжат. Қонақ картасының әрқашан бір ғана данасы болады және келесідей деректері болуы қажет: қонақтың аты - жөні, бөлменің нөмірі жэне тоқтау мерзімі. Ресімдеу үрдісі аяқталғаннан кейін кіре берісті қараушы немесе шабармен, жүкті көтеріп, қонакты бөлмесіне дейін жетуіне жәрдемдеседі. Тіркеу кезінде қонақ үйге келушілердің жүктері вестибюльде орналасады. Ірі қонақ үйлерде қонақтардың жүкгері сақталатын арнайы бөлмелер болады. Жүкті идентификациялау (теңдестіру) үшін жүк иесінің аты - жөні жазылган талондарды колдану ыңғайлы, ал тіркеуден кейін оган бөлменің нөмірі жазылады. Мүндай талонды қонақ үйге кірген уақытта шкецар немесе жүк та- сушы береді. Осылайша, жүк тасушылардың жұмысы жеңілдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет