Бұл негізгі конақ үй қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ететін кызметтердің ең аз жиынтығы. Түрлері мен сыйымдылығы жағынан әр түрлі қонақ үй кәсіпорындарында қызметтердін саны келтірілген сызбадан кем немесе артық болуы мүмкін. Олардың функцияларында да айырмашылыктар болуы мүмкін. Мысалы, ірі конак үй кешендерінің құрылымында брондау мен қызмет көрсету бөлімдері дербес құрылымдық бөлімшелер болып табылады. Шағын жэне орта кәсіпорындарда брондау мен клиенттерге қызмет корсету функцияларын кабылдау мен орналастыру бөлімдерінің жеке қызметкерлері орындайды. Бұл сол сияқты маркетинг, инжинерлік - эксплуатациялық, қаржы - бухгалтерлік, коммерциялық қызметтерге де қатысты. Қонақ үй индустриясында қызметтердің былай бөлінуі маңызды болып табылады, өйткені персоналға қойылатын талаптарға әсер етеді. Осылайша, қатынас қызметтерінің персоналына қойылатын маңызды талаптар төмеңдегідей:
- сыртқы келбеті таза және жағымды болуы тиіс (тиісті сәнді шаш, маникюр, макияж, киімі, әшекей бұйымдары және т.б.);
- әдеп пен қарым - қатынас психологиясы туралы білімі;
- қарым - қатынасты орната білу;
- шет елдердің тілдерін білу.
- жас жағынан шектеу қойылған (мысалы, конақтарды кабылдайтын портьенің жасы - 30 дейін болуы тиіс). Қонақ үй жэне мейрамхана менеджмент саласындагы мамандардың арасында байланыс қызметтеріндегі персоналдың біліктілігі маңызды, оның келесідей түрлері бар:
- «мұздатылғандар»
- қонақтарға қызмет көрсетуде жеке бастамасы жоқ, сирек күлетін, қонақтардың сұрауына баяу әрекет ететін перосонал;
- «гастрофабрика»
- конақтардың пікірі ескрілмейтін, конвейрдің негізінде жұмысты атқаратын персонал;
- жоғары дәрежеде, жоғары сапамен қызмет көрсететін персонал. Байланыссыз қызметтердің персоналына қойылатын маңызды талаптар, арнайы білімнің жэне осы салада жұмыс тәжірибесінің болуы болып табылады.