Дәрістер кешені Дәріс №1


Өмірлік іс-әрекеттің арнайы ортасы



бет24/30
Дата11.10.2022
өлшемі108,79 Kb.
#152624
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Инклюзивті білім беру лекция

Өмірлік іс-әрекеттің арнайы ортасы.
Мектепке кіру баспалдақтан басталады, бұл тірек-қозалысаппараты бұзылған, бір жерден келесі жерге бару үшін арнайы арба, балдақ, таяқ және басқа да құралдарды қолданатын балалар үшін қатаң немесе алынбайтын кедергі болып табылады. Пандус неғұрлым жазық және жайпақ болуы тиіс, яғни оқушы арбамен өз бетінше көтеріле және түсе алуы тиіс. Пандустың ені – 90 см. кем емес, пандустың ең қажетті ерекшелігі оның екі жағынан орнатылатын қоршағыш бүйірі және тұтқалары болып табылады. Есіктер пандусқа қарама-қарсы жаққа қарай ашылуы немесе кіре беріс қоңыраумен жабдықталуы тиіс.
Есік ойығының ені 80 – 85 см. кем болмауы тиіс. Арбамен келген оқушы жоғары қабаттарға көтеріле алуы үшін, лифт қарастырылуы немесе баспалдақтарда арнайы көтергіш құрылғылар орнатылуы қажет.
Киім шешетін бөлмеде өтетін орындардан шеткері жерде арнайы орын бөліп, оны тұтқалармен, орындықтармен, сөмкелерді және киімдерді ілуге немесе қоюға арналған сөрелермен және ілгіштермен жабдықтау немесе арнайы бөлме бөлу қажет.
Мүгедектер, сонымен бірге арбалы-мүгедектер үшін арнайы дәретхана кабинкасын қарастырған жөн, есіктің ені 900 мм. кем болмауы тиіс, кабинада унитаздың бір жағында арбаны орналастыруға және арбадан унитазға ауысып отыруға болатын бос аудан қарастырылуы тиіс. Кабина тұтқалармен, штангалармен және т.б. арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс.
Сынып бөлмесіне кіретін есік табалдырықсыз болуы тиіс. Арбадағы бала үшін оқушы орнының ең кем мөлшері (мүгедек арбасының бұрылу есебімен) – 1500 – 1500 мм. Мүгедек арбасын, балдағын, таяғын және т.б. сақтау үшін (егер оқушы арбадан орындыққа ауысып отыратын болса) партаның жанында қосымша кеңістіктің болуын қарастыру қажет. Тақтаның алдында оқушы арбамен немесе балдақпен еркін қозғала алуы үшін, тақтаның жанындағы өту орны бос болғаны дұрыс. Сынып тақтасы төменірек ілінуі тиіс.

Дәріс №10. Инклюзивті білім беру жөніндегі құзіретті кадрларды дайындау.
Инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімнің позициясы өзгереді. Мұғалім өзінің автономдығын жоғалтып, арнайы педагогпен, психологпен, логопедпен, әлеуметтік педагогпен және ата-аналармен өзара тығыз әрекеттестікте жұмыс істейді. Инклюзивті білім беру жағдайында педагог өз әрекетінде білім мазмұнын бейімдеу, тұлға аралық қарым-қатынасты дамыту сияқты т.б. қосымша міндеттер мен қызметтерді атқару керек. Бұған даму мүмкіндіктері шектелген балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру бойынша Әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген педгогтарға қойылатын талаптар дәлел:
− даму мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын сыныпта қызмет ететін бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері әрбір оқушының білім алу қажеттіліктеріне байланысты оқу бағдарламаларын бейімдеу қажет;
− сыныптағы мұғалім (сынып жетекші) даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнайы қолдауды келесі бағыттарда қамтамасыз етеді: оқу үдерісі аясында жұмысты ұйымдастыруда оқушыларға көмек беру; балалар ұжымын қалыптастыру және дамыту (жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру); атааналармен
Ресей зерттеушісі Самарцеваның Е.Г. пікірінше, педагогтың инклюзивті білім беруге кәсіби даярлығы – инклюзивті білім берді нәтижелі жүзеге асырудың іргелі шарты, инклюзивті білім беруді іске асыруға бейімділігі мен қажеттілігі белсенді түрде болатын ұстанымдарымен сипатталатын, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын арнайы білімдер, іскерліктер мен дағдылар ретінде көрінетін динамикалық, интегративті, кәсібитұлғалық білім. Кәсіби даярлық инклюзивті білім беру жағдайында баланы толыққанды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру бойынша кәсіби әрекетті орындау қабілеті мен педагогтың ойлау бағыттылығынан көрінеді. Самарцева Е.Г. жасаған балаларға инклюзивті білім беру педагогының кәсіби даярлығы құрылымына келесі түйінді, мазмұнды компоненттер кіреді: тұлғалық-мәндік (инклюзивті білім берудің идеологиясын қабылдауға педагогтың рефлекстелген ұстанымы, педагог санасының, ерік, сезімдерінің балаларға инклюзивті білім беруге уәждемелік), когнитивті (балаларға инклюзивті білім беруге қажетті кәсіби-педагогикалық білімдер кешені) және технологиялық (мектепке дейінгі балаларға инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың кәсіби-тәжірибелік іскерліктер кешені)
Гафари Э.А. жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы рөлінің маңыздылығын айта отырып, инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін жағымды ынталандырудың болуы қажет деп санайды. Aвтор мұғалімдердің сенімдері, олардың инклюзивті білім берудің философиясы мен саяси бағытын мойындауы инклюзивті білім беруді іске асыруда барлық әрекеттердің нәтижелі болуының маңызды алғышарты екендігін ерекшелейді. Даму мүмкіндігі шектеулі оқушылар мұғаліммен мойындалған жағдайда ғана өзіне лайықты орын табады. Ғалымның пікірі оң көзқарасты қалыптастырып, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге мұғалімнің тұлғалық дайындығының қажеттілігін дәлелдейді. Автор педагогтың маңызды деп бөліп көрсеткен уәждеме мұғалімдердің психологиялық дайындығының маңызын растайды.
Э.А. Гафариге қарағанда ресейлік ғалым Сабельникова С.И. инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін кәсіби және тұлғалық даярлықты жүзеге асыруда келесілер қажет екендігін айтады:
− инклюзивті білім берудің не екендігін, оның дәстүрлі білім беру формасынан айырмашылығын түсіну;
− инклюзивті білім беру ортасы жағдайында балалардың дамуында тұлғалық жас ерекшеліктері мен заңдылықтарын білу;
− дамуы қалыпты және зақымдалған балаларды бірігіп оқыту үшін оқу үрдісін жобалаудың психологиялық және дидактикалық әдістерін білу;
− білім беру ортасының барлық субъектілері (жеке және топтағы оқушылармен, ата-аналармен, әріптес-мұғалімдермен, мамандармен, әкімшілікпен)
Алехина С.В. тәрбиешінің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге кәсіби даярлығы мәселесін зерттей келе, инклюзивті білім беру идеяларын жүзеге асыруға қарама-қайшы келетін тұрақталған құндылықтар мен нормаларды өзгерту керектігін айтады. Автор даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысты тәрбиешілердің ұстанымдары мен стереотиптерін ауыстыру қажеттілігі маңызды деп санайды. Педагогтың білім беруде инклюзивті ыңғай жасауды жүзеге асыруға дярлығы бұл жалпы білім беру үдерісіне даму мүмкіндігі шектеулі балаларды енгізу бойынша нәтижелі іс-әрекетті жоғары деңгейде қамтамасыз ете алатын әлеуметтік, адамгершілік, психологиялық және кәсіби сапалар мен қабілеттердің жиынтығынан тұратын тұтас, тұлғалық білім деп түсінеді.
Мовкебаева З.А. және Оралканова И.А. сынды қазақстандық авторлардың әділ жасаған ескертулері бойынша, мектепке дейінгі және мектептік оқыту тәжірибесіне белсенді түрде енгізіліп жатқан инклюзивті білім беру педагогикалық маршрутты ендіруде жаңа ережелерді талап етеді. Ол өз әрекетін тек дидактикалық тұрғыдан ғана емес, құндылықтық бағдарды өзгерту деңгейінде де қайта қарастыруды меңзейді. Инклюзивті білім берудің ең басты қағидасы даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне сай неғұрлым шектемейтін, көбірек ортаға қосатын білім беру орта жасалуы керек. Инклюзивті білім беруидеясын қолдап, оны жүзеге асыра отырып педагогтар инновациялық тәртіпте әрекет етеді.
Авторлардың айтуынша, инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін ұйымдарда педагог жұмысының басты міндеттерінің бірі даму мүмкіндігі шектеулі баланы және оның отбасын жалпы білім беру ортасына енгізуді реттейтін үдерісті сапалы түрде басқару болып табылады. Бұл бағыттағы алғашқы қадам білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын, ең алдымен, өзін өзгерістегі әлеуметтік жағдайға дайындау болуы керек. Педагогтар тыңдауға үйреніп, дәйекті, шыдамды болып, әр баланың оқу мәнеріне сыйластықпен қарау керек.
Мамандар арасында жалпы қабылданған талап спецификалық терминдерді қолдануда белгілі ережелерді сақтау болып табылады: Қолдануға болады!

  • Көру қабілеті зақымданған адам

  • есту қабілеті зақымданған адам

  • мүгедектігі бар оқушы

  • дене мүшелері зақымданған бала

  • интеллектуалды бұзылыстары бар бала оқуында қиындықтары бар қыз

Қолданбаған жөн!

  • соқыр

  • саңырау

  • мүгедек

  • жарымжан

  • ақыл-ойы кем

  • оқытылмайтын




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет