Дәрістер кешені Дәріс №1


Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру



бет23/30
Дата11.10.2022
өлшемі108,79 Kb.
#152624
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
Инклюзивті білім беру лекция

Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Барлық оқу пәндерінде оқытудың түзетушілік бағыттылығы жүзеге асырылады, сонымен қатар дене, танымдық және сөйлеу әрекеті дамуындағы ауытқуларды жеңу мақсатын алға қояды. Оқу процесін ұйымдастыру арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдануды, бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен тақырыптарын зерделеуге мүмкіндік беретін пропедевтикалық (алдын ала) оқытудың арнайы сабақтарын кіргізуді, сонымен бірге дамудағы ауытқуды түзету бойынша жекелеген және топтық арнайы сабақтар өткізуді қарастырады. Бұндай сабақтарда алынған білімдер мен дағдылар жалпы білім беретін пән сабақтарында бекітіледі.
Тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған балаларды оқыту емдеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында жүзеге асырылады, бұл жұмыстардың құрамына: қимыл-қозғалыстың бұзылуын медициналық түзету, жүйке-психикалық ауытқуды дәрі-дәрмектік емдеу, соматикалық аурулардың алдын алу кіреді. Емдеу іс-шараларын бала дәрігерлері (педиатрлар), психоневрологтар, ортопедтар, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) дәрігерлері, физиотерапевтер, орта және кіші медициналық қызметкерлер жүзеге асырады.
Мектеп оқушысының қимыл-қозғалыстық, сөйлеу және жалпы дамуындағы кемшіліктерді жеңу үшін келесі курстар бойынша арнайы оқу жоспарымен қарастырылған жекелеген және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады:
1) массаж, шипалы балшық-сумен емдеу, дәрі-дәрмекпен емдеу аясында ұйымдастырылатын ЕДШ (балалардың қимыл-қозғалысы бұзылуы басымдылығының орнын толтыру мақсатында жекелеген және топтық). Әр оқушыға арналған түзету жұмыстарының жоспарын ЕДШ әдіскері мен дәрігер бірлесе отырып оқу жылына құрастырады. ЕДШ нұсқаушысы әр оқушыға арналған есеп карточкасын жүргізеді, оның ішіне баланың қимылқозғалысы туралы мәліметтер, жұмыстың жалпы жоспары, кезеңді жаттығу кешендері, әр сабақтың өткізілуі және оның нәтижелері жазылады. Әр тоқсанның аяғында түзету жұмысының қорытындысы шығарылады және қол жеткен нәтижелерді ескере отырып жоспарға толықтырулар енгізіледі. Сабақтар ЕДШ бөлмесінде немесе арнайы жабдықталған гимнастика залында өткізіледі. Алынған нәтижелер дене шынықтыру, технология және сабақтан тыс жалпы дене шынықтыру шараларында бекітіледі;
2) сөйлеу кемістігі бар балалар үшін ұйымдастырылатын логопедиялық сабақтар, ең күрделі бұзылулар барысында компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Логопед баланың мектепте оқыған барлық кезеңінде оның тілінің дамуын бақылап отырады. Ол оқушының мұғалімдерімен және ата-аналарымен тығыз байланыста болады. Логопедиялық сабақтарды өткізу уақытына арналып логопед және психоневролог дәрігердің бірлесіп әзірлеген ортопедиялық тәртіпті қатаң сақтау, логопедтік жұмыстың ерекшелігі болып табылады. Логопед баланың партада дұрыс отыруына, оның аяқ-қолдары жағдайының дұрыс болуна үнемі назар аударуы тиіс. Қажет емес потологиялық қимыл-қозғалыс реакцияларының пайда болуы барысында логопед селқос-белсенді араласу арқылы оларды жеңіп шығуға жағдай жасайды. Түзету логопедиялық сабақтарын өткізу барысында барлық талдама жүйесіне (есту, көру, кинестетикалық) кең тірек қажет. Логопедиялық сабақтарды және ЕДШ сабақтарын күннін бірінші де, екінші жартысында да өткізуге болады;
3) сабақтарда оқу бағдарламасын меңгеруде ауырлық көретін оқушылардың психикалық функцияларының бұзылуын түзетуге арналған жеке және топтық сабақтар. Бұл сабақтар жалпы дамытушылық, сонымен бірге пәнге бағытталған сипатқа ие. Сабақтардың мақсаты – оқушылардың жалпы даму деңгейін көтеру; бұрынғы дамыту мен оқытудағы кемшіліктердің орнын толтыру; жеткіліксіз меңгерілген оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру бойынша жеке жұмыстар жүргізу; танымдық қабілетінің дамуындағы ауытқуларды түзету; жаңа оқу материалын қабылдауға арналған мақсатты-бағытталған дайындық.
Оқушының осы немесе басқа топта болуының ұзақтығы айрықша қиыншылықты түзету және тапсырманы сыныппен бірге орындауға дайын болу деңгейімен анықталады. Сондықтан да топтардың құрамы жылжымалы болуы тиіс: бір балаларды сыныппен жұмыс істеу үшін шығару, ал басқаларын жұмыстарды түзетуге арналған топтардың құрамына қосу қажет. Осылайша, оқу жылы барысында бір оқушы түрлі топтардың құрамына кіре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет