Дәрістер кешені Дәріс №1



бет13/30
Дата11.10.2022
өлшемі108,79 Kb.
#152624
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
Инклюзивті білім беру лекция

Саңырау дегеніміз –есту қабілеті қатты бұзылғандықтан адамның сөйлеу тілін анық түсініп болмайтын ақаулық.Өмірде көп жағдайда есту қабілетінің аз да болса саңылауы сақталатын болады.Осы болмашы ғана сақталған саңылаудың жәрдемімен бала өте қатты айғайлап анық айтқанды,зыңылдаған, шаңқылдаған дыбыстарды, сөздің үзіліп шыққан дыбыстарын, ал кейде құлақтың түбіне тақап қатты айтқан қысқа таныс сөздерді естіп түсіне алады.Саңырау балалар арнайы өқытудан өтпейінше сөйлеу тілін өздіктерінен меңгермейді. Олар дыбысты, сөзді анық, дәл қабылдай алмайды, дыбыстық бейнені естімейді.Нашар еститін балалардың сөйлеу тілдері өрескел бұзылып келеді .Балада есту кемшілігінің болуы сөздегі дыбыстауды реттей алмайды. Осыдан оның аузша сөйлеуі қалыс қалады. Барлық осы жағдайлар баланың қоршаған дүниені тануын, сөйлеуді игеруін қиындатады. Сондықтан оның ой қызметінің дамуында бұзылыс көрінеді. Қалыпты ести алатын балалармен салыстырғанда мұндай балаларда ауытқушылық айқын көрінеді. Мүлде естімейтін тас саңыраулар өмірде өте сирек кездеседі .Түзету оқу жұмысы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен арнайы балабақшаларда жүргізіледі. Мектеп жасына жеткеннен бастап мұндай балалар оқуын нашар еститін арнайы мектептерде жалғастырады. Оқыту жұмыстарының барлық түрлерінде балалардың сақталған есту қабілеті міндетті түрде пайдаланылады, өйткені бұл естуді арнайы аппараттың жәрдемімен күшейтуге болады.
Дәрігер отоларинголог есту қабілетінің бұзылуынан тексере отырып, алдын алу сақтандыру шараларын да жүргізетін болады. (құлақты таза ұстау, кенеттен шыққан қатты айқай, топ шуылынан құлақты сақтау, дәрігерге жылына екі рет тексеріліп отыру).
Нашар еститін балалардың айту мәнерін коррекциялауда дауыспен жүмыс жасау процесіне аз көңіл бөлінген. Аталмыш сұрақтар бірыңғайлы қарастырылған, әрі жұмыс жүйелі түрде ұсынылмаған, тек аздаған әдістемелік жолдар ұсынылған. Дегенменде дауыс «айту мәнерін» қалыптастыруда маңызды роль атқарады, өйткені, ол барлық дауысты дыбыстар мен ашық дауыссыз дыбыстардың негізі болып табылады. Есту қабілеті нашар еститін балалардың қабылдау ерекшелігі, олардың акустикалық үйлесі, ұқсас дыбыстарды ажырата алмайтындығы. Сондықтан олар ауызекі сөйлеуде, жазу үстінде ашық және қатан дыбыстарды шатастырады, дауыстыларды ажырата алмайды.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу ерте кезден бастап қарастырылып келеді. Бірақ, ескі жүйеде ауызша сөйлесу әдісі тек ым-ишара болса, ал қазіргі мақсат-бірден ауызша сөйлеуге үйрету. Бұл мәселемен XX ғасырдың екінші
жартысында ірі ғалымдар мен педагог-сурдолгтар айналысы бастады. Бұл мәселе төңірегінде, яғни есту қабілеті кем окушылардың ауызша сейлеу дағдысын қалыптастыру жөнінде көптеген сурдопедагогтар, Е.Н.Андреева, Н.И.Белова, Е.Ф.Рау, Ф.Ф.Рау, Н.Д.Шматко сияқты ғалымдардың еңбектері жарыққа шыққан. Н.Ф.Слезина, Е.Н.Андреева, Н.И.Белова, С.А.Зыков сияқты ғалымдардың еңбектері есту қабілеті зақымдалған балалардың дыбыс шығарудың түзету жолдары мен сөз айту мәнеріне арналған.

Дәріс №7. Сөйлеу тілі бұзылған балалар психологиясы.

  1. Логопедияның мақсаты мен міндеттері.

  2. Сөйлеу тілінің бұзылу себептері мен түрлері.

  3. Сөйлеу тілі бұзылған балаларды зерттеумен жүргізілетін түзету жұмыстары.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет