Дәрістер кешені Дәріс №1


Сөйлеу тілінің бұзылу себептері мен түрлері



бет15/30
Дата11.10.2022
өлшемі108,79 Kb.
#152624
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
Инклюзивті білім беру лекция

Сөйлеу тілінің бұзылу себептері мен түрлері.

Тіл бұзылуының себептері органикалық және функциональдық болып бөлінеді.
Органикалық – түрлі зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты мен жүйке жүйесінің бөлімдерінің бұзылуы.
Функциональдық – мұнда органикалық зақымдану болмайды, тек сөйлеу механизмдерінің функциясы бұзылады.
Тілдің бұзылу түрлі жаста, әсіресе жас балаларда көп кездеседі. Сөйлеудегі бұзылу келесі топтарға бөлінеді:
1. Фонетикалық бұзылулар – бір дыбысты немесе бір топқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бұзылуы; дауыссыз дыбыстардың қатаң- ұяң- үнді айтылуының бұзылуы, дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетінің бұзылуы). Бұған дислалия, дизартрия, фонетикалық- фонематикалық жетілмеу жатады.
2. Лексикалық- грамматикалық бұзылулар. Бұған енетіндер: шектеулі сөздік қоры, жадағай фраза, фразадағы және сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау- жұрнақтарды қате қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі)
3. Әуендік- екпіндік бұзылулар: екпінді дұрыс қоймаумен байланысты, дауыстың күші мен жоғарылығы, тембрінің бұзылуына қарай. Мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония т.б.
4. Сөйлеудің жүйелі бұзылуы: сөйлеу мүмкін емес немесе былдырлау мүмкіндігі ғана болады. Мысалы: алалия және афазия.
Дислалия – сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Пайда болу себептеріне қарай дислалия механикалық және функциональдық болып бөлінеді.
Органикалық дислалияға сөйлеу тілі аппаратының сыртқы сүйек құрылысының және бұлшық ет түзілісінің органикалық кемістігінен дыбыстардың бұзылып айтылуы жатады.
Органикалық дислалияның ерекшеліктері: тіл асты желбезегінің тым қысқа болып бітуінен, тілдің ұшы жоғары қарай емін еркін көтеріліп қимылдай алмайды да, таңдай арқылы айтылатын дыбыстар бұзылады. Сонымен қатар тілдің ауыздың ішіне зорға сиып тұратын өте етжеңді үлкен немесе өте кішкентай жіңішке болуы да дыбыстардың дұрыс айтылуын қиындатады. Соныменен, органикалық дислалия бұл перифериялық аппараттың сүйегі мен бұлшық етіне зақым келуінен дыбыстардың дұрыс айтылмауы. Перифериялық сөйлеу аппаратының бұзылуы туа пайда және жүре пайда болуы мүмкін. Туа пайда болатын кемістікке жататындар:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет