Дәріс №12. Мектепке дейінгі ұйымда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру үрдісінде теориялық жағынан ықпал ету.
Жалпы білім беру мен арнайы білім беру мақсаты: Дамушы тұлғаның әлеуметтенуді және өзін-өзі шыңдауды көздейді. Сонымен қатар осы мақсатта мүмкіншілігі шектеулі оқушыға тән өмірлік іс-әрекеттер мәні: тез өзгергіш, қысқа өмірде баланың жоғары деңгейде өз бетімен, тәуелсіз
әлеуметтік бейімделуі. Мүмкіншілігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесі жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол өз
бетінше оқыту және тәрбиелеу жүйесінің бөлігі болып табылады. Ол негізгі психолого-педагогикалық, әлеуметтік, адамгершілік және идеологиялық
проблемаларға, гуманизациялануға, демократиялануға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге жекеге бағытталғанға ықпал етуге тәуелді.
Міндеттері: мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беріп, қоғамдағы өз орнын табуға мүмкіндік жасау; мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс - әрекетімен эмоциялық ерікті жағының кемшіліктерін ескеру; өз бетімен өмір сүруде, балаларды қазіргі қоғамдық жағдайларда әлеуметтік бейімделуге дайындау.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың педагогикалық-психологиялық сипаттамасы Ауру түрлеріне қарай:(нашар естидіндер, естимейтіндер, кейіннен саңырау болғандар)
• Көру қабілеттеріне қарай: (нашар көретіндер, зағип,соқыр,кейіннен соқыр болғандар)
• Сөйлеу кемістігі(сөйлемейді,ымдау арқылы саусақпен көрсету арқылы)
• Қимыл – қозғалыс аппараты бұзылғандар
• Психикалық дамуы тежелгендер
• Интелектісі жеңіл және өлшемді бұзылғандар.
Арнайы мектептерде (мектеп - интернаттар) балалардың кемшіліктеріне байланысты бөліп оқытылады. Жалпы мектепте есту, көру қабілеті зақымд Арнайы мектептерде (мектеп - интернаттар) балалардың кемшіліктеріне байланысты бөліп оқытылады. Жалпы мектепте есту, көру қабілеті зақымдалған, ауыр тіл кемістігі бар, қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, интелектісі жеңіл және өлшемді бұзылған балаларға арналған ұзартылған күн жағдайындағы арнайы сыныптар. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды жалпы сыныптарға қосып білім
беретін жалпы мектептер. Мүмкіндігі шектеулі балаларға коррекциялық көмек көрсететін арнайы ұйымдар: психология-педагогикалық коррекция кабинеті; мектепаралық логопедиялық бөлімшелер, оңалту орталықтары.
Стационарлы емдеу мекемесінде мүмкіншілігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру. Үй жағдайында мүмкіншілігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру. Мүмкіншілігі шектеулі балаларға кәсіби білім беруді ұйымдастыру кәсіби мектеп, лицей, колледждер, оқу-өндірістік кешендер.
Достарыңызбен бөлісу: |