Дәрістер кешені пән: iszs 4200


Осыған сәйкес ішкі сумен жабдықтау құбырлары су алу нүктелеріне су беру әдісімен ерекшеленеді



бет7/35
Дата08.09.2024
өлшемі2,68 Mb.
#203947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
дәріс

Осыған сәйкес ішкі сумен жабдықтау құбырлары су алу нүктелеріне су беру әдісімен ерекшеленеді:
ішкі су құбыры тікелей сыртқы су құбырына қосылады - қалалық желінің қысымы ғимараттың ең жоғары және ең алыс су айыратын нүктесіне үздіксіз су беру үшін жеткілікті және тұрақты болған жағдай қолданылады.
тұрақты немесе ауық-ауық қосылатын сорғы қондырғысы бар ішкі су құбыры - бұл жағдайда су өлшегіштен кейін желіге қосылған сорғы қондырғысы үнемі немесе мезгіл-мезгіл жұмыс істейді, қажетінше үй желісіне су айдап отырады.
пневматикалық қондырғысы бар сорғысы немесе су тегеурінін туғызатын ыдысы бар су құбыры.
Шаруашылық-ауыз су құбыры В1 - бұл суық су құбырының бір түрі.
Бұл қалалар мен елді мекендердегі негізгі су құбыры, сондықтан оған 1 саны берілген.
В1 шаруашылық-ауыз су құ бырындағы судың сапасына қойылатын талаптарды екі топқа бөлуге болады:
су ауыз-су болуы керек, ГОСТ 2874-82 және СанПиН 2.1.4.1074-01 сәйкес;
су суық болуы керек, яғни температурасы шамамен +8 ... +11°С.

Ішкі су құбыры (шаруашылық-ауыз су, өндірістік, өртке қарсы) жүйелері мыналарды қамтиды: ғимаратқа енгізу, суық және ыстық суды тұтынуды есепке алу тораптары, тарату желісі, көтергіштер, санитарлық-техникалық құралдар мен технологиялық қондырғыларға жеткізгіштер, су таратқыш, араластырғыщ, жапқыш және реттеуші арматуралар.




Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиет: [1,2] [6]
Қосымша әдебиет: [1,2] [4]
Электронды ресурс: [1-5]
Бақылау сұрақтары
1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелері дене не?
2. Сумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуі
3. Су беру сенімділігі бойынша сумен жабдықтау жүйелері қандай санатқа бөлінеді?
4. Сумен жабдықтау жүйесінің негізгі элементтері
5. Сумен жабдықтау жүйелерінің схемалары
6. Су таратқыштар және су құбыры желілері
7. Суық су құбырларының қандай түрлері болады?
8. Шаруашылық-ауыз су құбыры және оның элементтері
9. Өртке қарсы су құбыры
10. Суды тұтыну нормалары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет