құрастыру сызбасы – құрастыру бірлігінің кескіні және т.б. оны
құрастыруға, яғни дайындауға, бақылауға қажетті мәліметтер болатын құжат.
жалпы көрініс сызбасы – бұйым құрылымын, оның негізгі құрамдас
бөліктерінің өзара әсерін анықтайтын және бұйымның жұмыс істеу
принципін түсіндіретін құжат;
сипаттізім – құрастыру бірлігінің, кешеннің немесе жинақтың және т.б.
құрамын анықтайтын құжат;
теориялық сызба – бұйымның геометриялық тұлғасын және құрама
бөліктердің координаталарын анықтайтын құжат;
габариттік сызба – бұйымның габариттік, орнату және жалғастыру
өлшемдерімен берілген контурлық кескіндері болатын құжат;
жинақтау сызбасы – бұйымның оңайлатылған кескіні мен оны орнатуға
қажетті мәліметтер болатын құжат;
сұлба – бұйымның құрама бөліктері және олардың арасындағы байланыс
шартты кескіндер немесе белгілеулер түрінде көрсетілген құжат;
түсіндірме хат – бұйымның құрылғысы мен әсерлік принципін
түсіндіретін және қабылданған техникалық және техника – экономикалық
шешімдерді негіздейтін құжат;
Достарыңызбен бөлісу: |