Дәрістер конспектісі пән туралы ақпарат



бет1/19
Дата08.11.2022
өлшемі161,7 Kb.
#157027
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Ортагасыр


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ
1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы: Орта ғасырлар тарихы
Кредит саны: 5
Курс, семестр: 2, 4
Білім бағдарламасының атауы және шифры: 6В01601 - Тарих пәні мұғалімдерін даярлау
Институт: Тарих және құқық
Кафедра: Әлем тарихы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі Жумагулов Болат Сагидоллаевич, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) +7 701 555 1951 jumagulov-bolat@mail.ru


Алматы 2021


1 дәріс.
Кіріспе. Орта ғасыр тарихы пәні және оның мақсаты мен міндеттері

1. Пәннің мақсаты мен міндеттері


2.Тарих ғылымыда «Орта ғасыр» және «феодализм» терминдері түсінігі
3. Батыс Европада Ортағасыр дәуірінің кезеңделуі
4. V-ХV ғғ. Орта ғасырлар тарихы деректері

Тарихшы мамандығын игеруші студентерге оқу процесі барысында, өз мамандықтары жан-жақты игеруде қажетті негізгі пәндердің бірі – «Орта ғасырлар тарихы» пәні. Пән арқылы студентер адамзат тарихының кезеңделуінің орта ғасыр кезеңінен тарихи мағұлматтар алады.


Орта ғасырлар – феодалдық қатынастардың тууы, қалыптасуы, гүлденуі және ыдырауының, қазіргі Еуропа мемлекеттерінің және оның ұлттар мен ұлыстардан пайда болуы және адамзаттың пайда болуының маңызды кезеңі. Орта ғасырларда римдік-католиктік, православиелік және протестанттық шіркеудің және христиандық діни ілімнің негізі қалыптасады. Кейінгі антикалық немесе варварлықтан дамыған қалалық және рыцарлық мәдениет, университеттердің пайда болуы, Қайта өркендеу дәуірінде нақты көрініс тапқан гуманистік көзқарастың тууына дейін қоғамның рухани дамуында тереңдеген өзгерістердің болуы. Сонымен қатар орта ғасырлар тарихы – шиеленіскен әлеуметтік қайшылықтар, қырғын соғыстар, әртүрлі эпидемиялар, еркін ойды басып-жаныштау, отарлық жүйенің басталуы.
Орта ғасырлар тарихын оқу феодалдық құрылыстың дамуының жолдарын ашып беруге, оның әртүрлі елдерде пайда болуының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтанда пәннің негізгі мақсатының бірі – ортағасыр «феодализмінің» кезеңдері мен мазмұндарын аша отырып, европа елдерінің ортағасырлық қалыптасу тарихын меңгеру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет