Матрицалық құрылым өзара байланыстардың жаңа түрі болып табылады. Оның басты ерекшелігі - басқарудағы дәстүрлі қызметтік және жүйе элементтері мен басқарушы органдар арасындағы міндеттер мен өкілеттіктері, жауапкершіліктерді мақсатқа сай үйлестіруге сүйене отырып, мақсаттық бағдарлы іс-әрекеттердің ерекше қызметін ұйымдастыра алуында. Осылайша, жобалау қызметі барысында жаңа бөлімшелер құру, өз тиімсіздігін көрсетіп отырған құрылымдық бөлімдерді жабу немесе қайта құру, ішкі кадрлық өзгерістер, т.б. жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |