Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Білім беру аймағындағы жобалау»



бет2/134
Дата13.12.2021
өлшемі408,01 Kb.
#125563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
Дәрістер
Sport should be in everyone, Марафон 1-4 конспект | Ая
Курстың мақсаты: Құзыреттілік нәтижелеріне бағытталған 12-жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында болашақ педагогтарға жаңаша ойлау мен іс – әрекеттік дағдыларын қалыптастыру үшін оқытудың жаңа әдістерін игерту, өз әрекетін кәсіби жетілдірудің басты ресурсы ретінде жобалау әрекетіне үйрете отырып, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан даярлау, білім алушыларда педагогикалық жобалау әрекетіне, қарым-қатынас мәдениетіне қызығушылығын дамыту.

Курстың міндеттері:



  • студенттерді білім беру аймағындағы жобалау әрекетінің мәнін тануға бағдарлау;

  • білім беру аймағындағы жобалау әрекетінің тұғырларын, ұстанымдарын, кезеңдерін үйрету;

  • білім беру үдерісінің мақсаттары мен мазмұнын жобалауда орындалатын талаптарды орындауға үйрету;

  • педагогикалық үдеріс барысында практикалық міндеттерді шешуде жобалау әрекетінің әдістерін қолдануды меңгеру мен біліктілікті қалыптастыру;

  • оқушылардың жобалау әрекеті логикасын үйрету;

  • негізгі білім беру бағдарламалары, олардың құрылымы, типтері, жалпы орта білім берудің стандарттарын жасау негіздерімен таныстыру;

  • білім беру аймағындағы жобалау әрекеті аясында түрлі құжаттарды жасауға және талдауға үйрету.

Курстың өзіндік құрылымдық логикасы жасалып, 1-модульдегі «Білім беру аймағындағы жобалаудың жалпы негіздері. педагогикалық жобалаудың қалыптасуы мен дамуы» атты теориялық бөлімінде бүгінгі таңда кеңінен дамып келе жатқан жобалау әрекетінің мүмкіндіктерін педагогикалық технологиялар тұрғысынан қарастырудың ғылыми негіздемесі берілді. «Педагогикалық жобалаудың технологиялары» тақырыбында қарастырылған келесі модулінде жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары, оның білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы ролі негізделді. Үшінші бөлім «Педагогикалық жобалаудың технологиялары» деп аталып, онда жобалау - күтілетін нәтижелерді анықтай отырып, оқытудың мақсатын жүзеге асыратын біртұтас технология ретінде қарастырылды. «Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру. Жобалауды басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту» деп аталатын модуль мұғалімдер тәжірибесі үшін өте қажетті әдістемелік-нұсқаулық түрінде жазылды деуге де болады, онда атынан көрініп тұрғандай, жобалау әрекетін мектеп оқушыларымен жүргізудің нақты әдістемесі, ерекшеліктері, бағалау жолдары берілді.

Жобалаудың күтілетін нәтижені алдын ала болжауды және оған қажетті барлық ресурстарды мақсатқа сай ұйымдастыруды қажет ететін ерекшеліктері болғандықтан, оны арнайы дайындығы жоқ адамдарға жүзеге асыру қиын болатыны белгілі. Тәжірибеден белгілі, жобалау әрекетін жоба жетекшілері ретінде мақсатты түрде арнайы дайындалған педагогтар мен басшы қызметкерлер ғана тиімді ұйымдастыра алады. Сондықтан, оқулыққа «Жобалауды басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту» деген бесінші бөлім ендіріліп, онда білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі арнайы құзыреттіліктерін дамыту әдістемесін беріп отырмыз.

Курстың мазмұны педагогикалық мамандықтар бойынша бакалавриаттың 5В010300 - «Педагогика және психология», 5В012300 - «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» мамандықтары бойынша және магистратураның барлық педагогикалық мамандықтары бойынша білім беру стандарттарындағы кәсіби пәндер циклының таңдау компоненттеріне қойылатын әдістемелік талаптарға сәйкес құрылды. Бұл бүгінгі таңда педагог кадрларды даярлау бағдарламасы бойынша жобалау технологиясын білім беруде пайдалануға мүмкіндік береді деп есептейміз.

Тағы бір құрылымдық және мазмұндық ерекшелігі- курстың аталған мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасына ғана емес, жоғары оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына да сәйкестендіріліп жасалуы. Оның бөлімдері мазмұны мен әр бөлім соңында берілген тапсырмалар білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Білім нәтижелерін бағалау аралас түрде жүзеге асырылғаны дұрыс болады дейміз, өйткені, курстағы теориялық мәселелер бойынша студенттер білімдері тест сұрақтары түрінде бағаланса, жобалаудың әдістемесі, технологиясы - ауызша емтихан, жоба дайындау және оны қорғау түрінде ұйымдастырылуы қажет. Осыған байланысты сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін әр тақырып бойынша және тест сұрақтары мен жоба жасау үшін қосымша материалдарды курс соңында ұсынып отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет