Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Білім беру аймағындағы жобалау»


-дәріс. Жобалаудың теориялық негіздері. Педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдары



бет14/134
Дата13.12.2021
өлшемі408,01 Kb.
#125563
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   134
Байланысты:
Дәрістер
Sport should be in everyone, Марафон 1-4 конспект | Ая
2-дәріс. Жобалаудың теориялық негіздері. Педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдары.

2.1. Жобалаудың теориялық негіздері.

2.2. Педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдары.
2.1. Жобалаудың теориялық негіздері.

Жобалаудың философия, мәдениеттану, әлеуметтану және психология ғылымдарының әдіснамасында орын ала бастауы оны гуманитарлық тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Бүгінгі ғылыми әдебиеттерде жобалау – «алда болуы тиіс нәрсенің өте қысқаша және өте нақты сипаттамасын жасау қызметі» деп түсіндіріледі, бұл жерде ең маңызды нәрсе – бір нәрсенің болашақ сипаты туралы, оның қолжетімдігі туралы мақсаттық -құндылықтық ұстаным болуы. Басқаша айтқанда, адамның ойлау әрекетінің қалыпты шеңберінен шыға алуы – трансценденттенуі – ойлау қызметінің дамытушылық функциясы іске асырылады. Жобалаудың осы тұрғыдан алғанда төмендегі қызметтерін атап көрсетуге болады:

нәтижелік өнім ретінде белгілі бір жобаны орындаудың мақсатына сай нәтижелік көрсеткішін бере алады;

− қоршаған ортаны не белгілі бір объектіні зерттеудің, немесе жаңартудың ғылыми-тәжірибелік әдісі бола алады;

технологиялық мәдениетке тән инновациялар тудырудың бір түрі ретінде қолданылады;

басқару әрекетінде ұйымды дамыту қызметін атқара алады.

Жобалаудағы жүйелік тұрғы жаратылыстану ғылымының танымдық парадигмасынан пайда болды. Әлеуметтік тұрғыдан қарастыру жобалаудың адам қызметінің қазіргі заманға тән конфликтілері мен белгісіздік жағдайындағы ситуацияларды шешуді көздейтін жобалаудың жаңа тұжырымдамасын жасауға негіз болды. Сонымен қатар, қоғамдық санадағы әлеуметтік көзқарастың болуы «әлеуметтік жоспарлаудың», «әлеуметтік құрастырудың», «әлеуметтік басқарудың» негізіне адам әрекеттері алынып, оның барлық әлеуметтік қызметтердің объектісі болуына ықпал етті.

Жобалау тарихы техникалық саладан бастау алатыны, басқа салаларға одан кейін көше бастағаны белгілі. В.М. Розин оның эмпирикалық сипатын анықтай отырып, жобалаудың «құрастыру» ісіне қатысты екенін, «бұйымды» алдын - ала кескіндеу және оның нобайы мен детальдарын дәл есептеу арқылы жасалатынын атап өтеді. Ал «құрастыру» әрекетінің бірте - бірте жетілдірілуі мен дамуына орай, жоспарлау мен дәлдік есептеулерге қатысты семиотикалық және ойлау әрекеттері де күрделене бастады, бірақ алғашқы жобалау әрекеттерінің ерекшелігі олардың ішкі үрдістер сипатында болуы еді. Жобалаудың өз алдына бөлек салаға айналуы оның «үлгісін құрастырушылар» мен «бұйымды жасаушылардың» әрекеттерінің бөлінуінен басталды. В.М.Розин «құрастыруды» өзара байланысты төмендегі бөліктерге:1) интеллектуалдық (семиотикалық) құрастыру (жобалаудың өзі), және 2) бұйымды жобаға сай жасау (жобаны жүзеге асыру) әрекеттеріне бөліп қарастырды. Мысалы, педагогикада жобалау қызметінің «идеядан –соңғы нәтижеге дейінгі» толық цикл жобаны таңдау, құрастыру ғана емес, идея берушілер мен жобаны құрастырушылардың жобаны тәжірибеге ендіруге де тікелей араласатын болғандықтан, педагогикадағы жобалау қызметінің құрылымы күрделірек болады. Оны инновациялық жобалау тәжірибесінен айқын көруге болады.

Жобалаудың ғылыми негізіне «жоба», «жобалау», «жобалық», «жобалаушылық» сияқты осы ұғымнан туындайтын түсініктер алынады. «Жобалау» – (орыс тілінде «проектирование»), латынның projektus алға қарай тастау, алға жүру деген түсінікті береді, оның мағынасы алдағы уақытта болатын құбылыстың бейнесін жасауға қатысты ғылыми және инженерлік әрекеттермен байланысты айқындалады. Адам еңбегіне қатысты өнімдердің барлығы да алдын ала жобалау арқылы жасалатын болғандықтан, осы тұрғыдан қарастыру жобалауды жоба құру үрдісі, яғни, белгілі бір объектінің болашақтағы бейнесін алдын ала құрастыру үрдісі дей аламыз.

Жобалау қызметінің алғашқы кезеңдерінде жобаны ғылыми-негізделген, дәл есептелген күйінде жасалатын, үнемі технологияда пайдалана беруге болатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын. Одан кейінгі кездерде жобалаудың кең таралуына байланысты оның өнімнің арзандауын қамтамасыз ететен экономикалық тиімділігі, халықтың көп бөлігіне жеткілікті болатын әлеуметтік тиімділігі, өнім сапасы мен тұтынушылар мәдениетін көтеруді көздейтін мәдени тиімділігі күтілетін болды.



Осылайша, тәжірибенің өзгермелілігі бүгінгі қоғамның атрибутына айналып, оны басқару мен ұйымдастырудың өзгермелі жағдайларына сай жобалау қызметі қалыптаса бастады.

Жобалау ұғымын зерделеу үшін әлеуметтік жүйелердегіі жобалау феноменіне терең назар аудару қажет. «Феномен – гр.phainomenon – таным мен тәжірибедегі ерекше құбылыс туралы философиялық ұғым. Әлеуметтік жүйелерде жобалау қызметінің кеңінен тарай басталғанына қарамастан, оның алатын орны ғылыми түрде бүгінгі күнге дейін жеткілікті дәрежеде негізделмеген деуге болады. Сонымен қатар, жобалау қызметіне қызығушылықтың өсуі оның баршаға түсініктілігінен, немесе жеткілікті зерттелгендігінен емес, оның көпфункционалдық және көпқырлылық сипатынан дей аламыз.

Жобалау феноменіне қатысты дәстүрлі ғылыми көзқарас қазіргі заманның қайта жаңғыртуларды батыл да жедел жүргізу талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқан тәжірибеге тікелей ықпал ете алмады, сондықтан жобалау әрекеті таза ғылымилық емес, тәжірибелік - бағдарлы ғылым контекстіне енгізілді. Осылайша, жобалау ғылымилықтың жаңа түрінің негізгі әдісі ретінде ұсынылды, оны кейбір авторлар тәжірибелік - бағдарлы ғылым деп атаса, әдіснамалық бағдарды ұстанушылар «бағдарламалық -жобалық» ұғымын ендіру арқылы түсіндіреді.

«Тәжірибелік–бағдарлы ғылым» ұғымын білдіретін термин ретінде М.А.Данилов «бағдарламалық–жобалық тұрғыны» енгізіп, оның қарастыратын пәнін «белгіленетін, сипатталатын, қайта жаңғыртылатын практикалық әрекеттер жүйесі» деп, мақсатын «белгілі бір жүйені және оның мазмұнын дамыту» деп көрсеткен болатын. Бұл жерде әлеуметтік–мәдени құбылыстарды зерттеуде классикалық түрлермен қатар қолданылатын ғылымилықтың жаңа тұрпаты қалыптасып келе жатқаны туралы айтуға болады. Дәстүрлі сипаттағы тарихилық, дамытушылық және тәжірибедегі жаңартушылық принциптерімен бірге жобалау принципі білім берудегі кешенді проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдаудың басты әдіснамалық міндеттерінің бірі болып қалыптасып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет