Т. В. Подгорная әкімшілік кадрлық бөлім жетекшісі



бет1/5
Дата10.10.2020
өлшемі165,5 Kb.
#64303
  1   2   3   4   5

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің кеңейтілген ректорат мәжілісі

20 қараша 2009 жыл.


Күн тәртібінде:


  1. Университетте еңбек тәртібін сақтау туралы. Т.В.Подгорная - әкімшілік кадрлық бөлім жетекшісі

  2. Университет студенттерімен әскери - патриоттық бағыттағы тәрбие жұмысының жағдайы. Т.М.Дәрішева - ТІ және ЖС жөніндегі проректор

  3. Ағымдағы мәселелер


2009 – 2010 оқу жылында университетте еңбек тәртібін сақтау жөнінде ақпарат
Оқу жылының басында 2009 жылғы 11 қыркүйектегі ректордың бұйрығымен 2009-2010 оқу жылына еңбек тәртібінің ережелері бекітілді. Бұйрықта қызметкерлердің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты белгіленген.

Еңбек тәртібі ережелерінің орындалуы барлық қызметкерлерге міндетті болып табылады.

Университеттегі жұмыс күні қызметкерлердің әртүрлі категориялары үшін сағат 8.00, 9.30 және 9.00 –де басталады.

Еңбек тәртібі қызметкерлердің еңбекке саналы қатынасын, адал еңбегі үшін марапаттауды, жұмысшылардың еңбек тәртібін бұзғандығы үшін тәртіптік шаралар қолдануды қамтамасыз етеді.

Тәртіптік шаралар ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және еңбек келісім-шартын бұзу түрінде қолданылады.

Әрбір қызметкердің еңбек келісімшартының «Басқа да жағдайлар» тармағында көрсетілгендей, 2 рет тәртіптік шаралары бар қызметкерлермен еңбек келісімшарты бұзылады.

Еңбек тәртібін бұзуға: жұмысқа кешігіп келу, жұмыс орнында болмау, сабақтарын өткізбеу жатады. Университетте қыркүйектің бірінші аптасынан бастап орталық диспетчерлік қызметкерлері күнделікті оқытушылардың еңбек тәртібін тексереді, кесте бойынша апта сайын бекітілген оқу ғимараттары бойынша әкімшілік-кадрлық бөлімінің қызметкерлері және проректорлар тексереді.

2009 жылдың 5 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін еңбек тәртібін бұзғандығы үшін 22 тәртіптік шаралар жасалды.

Кафедралар бойынша:

Құқықтық пәндер – 3

- А.Батыров, А.Самұратова, Э.Наурызғалиева

ҚР тарихы – 1

- Ж.Мұханғалиева

Дүниежүзілік тарихы және ӘСП-1

- Т.Шайхиев

Менеджмент және кәсіпкерлік - 2 сабақ өткізбегендігі үшін

- С.Ихсанов

Есеп және қаржы – 1

- Е.Давлетов

Философия және құқық негіздері – 2

- Г.Қуанышбаева, Н.Ауелбаева

Театрлық-хореографиялық өнер және кітапханатану – 2

- Г.Нығметова, Э.Бақтығалиева

Шетел тілдерін оқытудың теориясы мен практикасы - 1

- зертханашы Р.Есназарова

Мәдениет және өнер институты – 1

- техник –оператор Н.Голохвастова
Бөлімдер бойынша:

ЖОО дейінгі дайындық және қабылдау – 1

- инспектор Д.Сатаев

ЖОО кейінгі дайындық және ҒЗЖ – 2

Ш.Мұхамбетова, С.Бегалиева

БАҚ және баспа орталығы – 4

- А.Павленко, Р.Қожалиева, Е.Штельмухова, С.Бекқожиева
Оқу ғимараттары бойынша:

Оқытушылар кафедрада кідіреді немесе сабақтардан ертерек шығады (07.11.2009 ж. А.Қарасаева – физика, математика және информатика кафедрасы), бірінші сабаққа қоңырау соғылған кезде келеді.

Шетел тілдерін оқытудың теориясы мен практикасы кафедрасының зертханашысы Р.Есназарова жұмысқа жиі кешігіп келеді.

Студенттердің сабаққа қатысуына оқытушылар тарапынан міндетті бақылау жоқ, сабаққа топ студенттерінің 2-3 қатысады.

Ұжымда бастауыш сыныпта оқитын, 1,5 жасқа дейінгі балалары бар қызметкерлер өздерінің кешігулерін осы себептермен түсіндіреді.

Осындай кешігулердің қайталанбауы үшін қолайлы жұмыс уақытының режимін бекіту жөнінде ректордың бұйрығымен хаттап, өтініш жазуы қажет.

Бөлім жетекшілері қызметкерлерді өздерінің қалауы бойынша өтінішсіз жұмыстан босатуға құқықтары жоқ. Ол үшін жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі. Қызметкерлер қызметтік нұсқаулықтары бойынша басқа мекемелеріне, басқа оқу ғимараттарына барып тұрады (бухгалтерия, офис-тіркеуші, ІТ бөлімі, ЖОО дейінгі және қабылдау бөлімі, сараманды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бөлімі, оқу теледидары және графикалық жобалау зертханасы). Бөлім жетекшілері өздерінің қызметкерлерінің қай уақыттан, қай жерде жүргенін нақты біліп отыруы керек, ол үшін бөлім жетекшілерімен немесе проректорлармен бекітілген кесте құрастырылады. (Кафедраларда зертханашылардың жұмыс кестесі.)

Жағымды мысал ретінде колледждегі жұмыс жағдайын келтіремін. Жұмыс күні кезінде оқытушылар кезекшілік атқарады, студенттер уақытында сабаққа келеді.

Еңбекке жарамсыз болған қызметкерлер әкімшілік-кадрлық бөліміне еңбекке жарамсыздық парағын жұмысқа шыққаннан 3-4 күннен кейін емес, уақытымен тапсыруы қажет.

Оқу сабақтарының басталған кезінде кафедра меңгерушілері кафедрада болмаған кездері болады.

Қызметкерлердің іскерлік этикасы әлі төменгі деңгейде.

Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау – қызметкерлердің негізгі міндеттері. Барлық бөлім жетекшілері еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау үшін жүйелі бақылау жүргізуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет