Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Білім беру аймағындағы жобалау»


Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы



бет89/134
Дата13.12.2021
өлшемі408,01 Kb.
#125563
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   134
Байланысты:
Дәрістер

9.2. Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы.

Оқытудың құрылымдық кеңістігінің тағы бір бөлігі – уақыт. Білім беруде уақыт өте нақты белгіленгені белгілі, мысалы, сабақтың класта, немесе үйде орындалу уақыты бар, мектепте және мектептен тыс орындалатын шаралар да уақыты, сабаққа даярлану уақыты, сондай – ақ жеке өзіне арналған уақыттары белгіленген. Тиімді ұйымдастырылған жобалау қызметінде қатысушылардың уақытты тиімді пайдалану жоспарланады. Өйткені, жобаға қызығу деңгейі жоғары болған жағдайда оқушылар беріле кірісіп, өз уақыттарының көбін оған арнауы мүмкін. Осы жағдайда оқушыларға уақытты пайдалану, өзге де маңызды істерді уақытында орындалуы қадағаланады.

Сондықтан, педагогтар жобаны орындаудағы компоненттері – жұмысты ыңғайлы кестемен орындау, уақытын , көлемін, ұзақтығын ескеруі қажет. Одан басқа, ресурс ретінде оның әрекеттері мен жобалау әрекеттерінің бірін – бірі толықтырып отыратын ерекшелігін пайдалануға болады.

Мысалы, жобаның барлық компоненттерін тұтас сақтау бастауыш мектептерде мүмкін емес. Ондағы басты мүдде – оқушыларға шағын шығармашылық тақырыптар беру арқылы сабақ оқуға маңызын арттыруға болады. Бұлар қысқа мерзімді тапсырмалар, мини – жобалар – кіші жастағылар үшін сабақ үстінде өткізіліп, оқу жоспарына енгізілсе – олар оқушыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Негізгі мектепте 5 – 6 сыныптарда нақты жоба жасау басталады, олар жобаның өзін жасауға кіріседі. Міне, осы кезден бастап оқушылар үшін өз уақытын басқару қажеттігі пайда болады.

Жобалау барысындағы уақытты басқару талаптары негізінен жоспарлау және бақылауды орындауда қойылады. Мысалы, белгілі бір әрекеттерді орындауда жүргізілетін мониторинг кейбір жұмыстардың өз мерзімінде аяқталмайтынын, кейбір әрекеттердің бірін – бірі қайталауға әкелетіні, ал кейбірін орындауға аз уақыт қажет болатыны, яғни тәжірибеде тиімсіз деп табылған істерді өзгерту керектігі анықталады.Одан кейін тиімділікпен ұйымдастыру қарастырылып, жаңа нұсқамен жұмыс істеуге болады.

Оқушылардың жобалау әрекетінің бірнеше қарапайым ережелері оқушыларға түсіндірілсе, олардың игеріп алуына жағдай жасалады.

Біріншісі, ең алғашқы жасайтын жобаларынан бастап, оның орындалу мерзімін анықтап алу қажет. Соңғы нәтиже (өнім) тек қана белгіленген мерзімде қабылданады, кешігу болуы тиіс емес. Педагогтар оқушыларға жоба мерзімінен кешіксе олардың бағалары төмендейтінін ескертуі керек;

Екіншісі, жобалау кезеңдерін белгілеп, оның әр кезеңінің аяқталу уақыттары анықталады. Сонымен қатар, осы жерде әрбір кезеңнің нәтижесі белгіленеді (мысалы, жоба идеясын қорғау, эскизін қорғау, орныдалу құралдарын таңдау, т.б.);

Үшіншісі, оқушыларға педагогтан көмек, кеңес алу мүмкіндігі беріліп, оның кестесі де күні бұрын келісіліп, белгіленеді;

Төртіншісі, бұл педагогтың міндеті – оқушылардың жоба жұмысын бастан – аяқ қадағалап отыру, топпен жұмысты бақылау, пән бойынша немесе басқа адамдармен қарым – қатынасы жобалау барысы, т.б. түгел қамтылып отыруы тиіс, қажет болған жағдайда, араласу, қолдау қажет;

Жалпы алғанда, жобалық жұмыс сабақ үстінде, сабақтан тыс, бос уақыттарын да қамтып, кеңей беретін әрекет екенін түсінгенде оның уақыттық талаптарын сақтауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет