Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет24/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,7 Mb.
#198510
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127
Байланысты:
Лекции

П искунов Алексей Иванович (1921-2001) - педагогика тарихын зерттеуші, РБА академигі, п.ғ.д., профессор. 1974-1980 жылдары КСРО ПҒА Педагогиканың теориясы мен тарихы институтының директоры болды.
А.И. Пискуновтың жетекшілігімен 70-жылдары Кеңес одағы мен шетелдегі эксперименттік оқу-тәрбие мекемлернің тарихы зерттелді. Ол педагогикалық жоғары оқу орындарындағы педагогика тарихы болашақ педагогтардың кәсіби ойлауы мен дүниеге көзқарасын қалыптастырды деп есептеді. А.И. Пискунов мектеп пен педагогикалық ойлар тарихы, педагогикалық зерттеулер әдістері, педагогикалық пәндерді оқытудағы теория мен практиканың бірлігі, шетелдік педагогика тарихы туралы еңбектер жазды.
Академик А.И. Пискунов өзінің «Педагогикалық эксперименттің теориясы мен практикасы», «Педагогикалық зерттеу әдіснамасы» атты еңбектерінде педагогикалық және тарихи-педагогикалық зерттеулердің теориясы мен әдістемесі туралы білімдер жүйесін жаңартып құрастырды.
Болашақ мұғалімдерді маман ретінде даярлауда базалық пәндердің маңызы зор деп есептеген А.И. Пискунов педагогикалық-психологиялық циклдағы пәндердің болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудағы мүмкіндіктері жайлы өз еңбектерінде айта келіп, психологиялық-педагогикалық пәндердің басты міндеттеріне: студенттерді педагогиканың негізгі ұғымдары мен категорияларымен таныстыру; студенттерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, ұстанымдары, мәні мен мазмұны, әдістері туралы терең теориялық білім беру; әр студенттің бойына мұғалім мамандығына және балаларға деген сүйіспеншілік, педагогикалық білім, білік, әдет, дағды жүйесін қалыптастыру, студенттердің педагогикалық ойлау, пайымдау және шығармашылық қабілетін дамыту; өз бетімен жұмыс істеу дағдысын тәрбиелеу, оған бағыт-бағдар беріп отыру; ұстазға тән шеберлік пен сана қалыптастыруды жатқызады.
Щ укина Галина Ивановна - көрнекті педагог, ПҒА корреспондент мүшесі (1971), РБА корреспондент мүшесі (1993), педагогика ғғылымдарының докторы, профессор (1969) Галина Ивановна Щукина Петербор қаласында 1908 жылы дүниеге келген. А.Н.Герцен атындағы Ленинград мемлекеттік пединститутын бітірген (1936). 1936 жылдан ЛМПИ–де дәріс берді. «Педагогика» лекциялар курсының (1966), «Мектеп педагогикасы» құралының (1977), дидактикалық жұмыстардың авторы.
Г.И. Щукина аспиранттарға жетекшілік етті, өзінің ғылыми мектебін құрды. Ол дидактика саласының зерттеушісі бола тұрып, педагогиканың әдіснамасымен, тәрбие теориясымен, мұғалімдерді даярлаумен, педагогикалық тәжірибемен, талдау жасаумен айланысты. Көп жылдар бойы Г.И. Щукина ең маңызды ғылыми мәселе ретінде оқушылардың танымдық қызығушылығын зерттеді. Танымдық қызығушылықтың тұтас педагогикалық тұжырымдамасын жасады. Оның «Танымдық қызығушылық – педагогикалық мәселе» деген монографиясы 1971 жылы жарық көрді. Мұғалімдерге арналған «Оқыту үдерісіндегі әрекеттің рөлі» деген кітабы 1986 жылы басылып шықты. Г.И. Щукинаның ғылыми идеялары жүйесінің болжамдық және эвристикалық әлеуеті зор. Оның көзқарастары өміршең болғандықтан қазіргі уақытта ғалымдар Г.И. Щукинаның идеяларына сүйенеді.
Г.И. Щукина – кеңестік педагогиканың көрнекті өкілдерінің бірі. Оның «Проблема познавательного интереса в педагогике» атты монографиясы дидактикадағы классикалық шығарма болып табылады.стала Г.И. Щукина дидактикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесімен педагогикалық құбылыстарды зерттеуде кешендік идеясын ендіре отырып зерттеді.
Шығармалары: Формирование познавательных интересов в процессе обучения. - М., 1962, Проблема познавательного интереса в педагогике. - М.,1971; Активизация познавательной деятельности учащихся в учебном процессе. - М., 1979; Актуальные вопросы формирования интереса в обучении. - М., 1984.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет