Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет27/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,7 Mb.
#198510
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   127
Байланысты:
Лекции

Сұрақтар мен тапсырмалар

      1. Ғылыми мектептің бір анықтамасына талдау жасаңыз.

      2. Педагогика әдіснамасының негізін салушылар қандай бағыттарда зерттеулер жүргізді?

      3. Ғалымдардың педагогика әдіснамасын дамытуға қосқан үлестерін сипаттаңыз.

      4. Құзыреттілік тұғырының негізін салған Н.В. Кузьминаның еңбектеріне шолу жасаңыз.

3.3. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары.
Педагогика әдіснамасы зерттеушінің ғылыми жұмысына бағытталған. Сонымен бірге, педагогика әдіснамасының басты міндеттерінің бірі зерттеу жұмысын әдіснамалық негіздеу болып табылады. Ғылымда әдіснамалық негіздің келесі түрлерін бөліп қарастырады:
-ғылымның философиялық негізі (әлемнің философиялық бейнесі, философиялық–дүниетанымдық, логикалық–гносеологиялық, құндылықты–нормативті ұстанымдар, философияда құрастырылған теориялар мен категориялар);
-теориялық негіз (ғылымның белгілі бір саласының тұжырымдамалық идеялары);
-әдіснамалық негіз (зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары, ғылымилық идеалы мен нормалары);
-логикалық негіз (формалды және диалектикалық логика заңдары, дәлел және аргумент ережесі);
-эмпирикалық негіз (ғылыми айғақтар, эксперимент нәтижелері, тәжірибелік-ізденушілік жұмыс).
Бұл негіздер біріккен түрде ғылыми зерттеудің теориялық-әдіснамалық базасын құрайды және оны негіздеу қызметін атқарады. Педагогика және білім беру саласында философиялық негіздердің маңызы зор. Философиялық негізге ғылыми ізденістің теориялық негіздері, педагогиканың тұжырымдамалық ойлары мен ұстанымдары сүйенеді.
Әдіснамалық негізде автордың дүниетанымдық және зерттеушілік тұжырымдамасы сипатталады, зерттеу құбылыстарын талдауға объективті, ғылыми тұрғыдан келуді ойластыралы, сонымен қатар, білім беру теориясы мен тәжірибесіне қажетті одан шығатын қорытынды мен ұсыныстар, алынған нәтижелердің ғылыми құндылығы да маңызды болмақ. Зерттеушілер зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін анықтау барысында педагогика әдіснамасы қорына, педагогикалық ойларға, тұжырымдамалар мен теорияларға сүйенеді, олардың зерттеу болжамы негізінде ғылыми теория құру мен педагогикалық дәлелдерді ашу мен түсіндіру үшін қажетті және жеткілікті болып табылады.
Әдіснамалық негіздің құрылымына педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізінің алғашқы құрамдас бөлігі болып табылатын өз зерттеу пәнінің – философиялық заңдар, категориялар, ұстанымдар мен әдістерге қатысын ойластыру кіреді. Әдіснамалық негіздің келесі бөліктеріне педагогикадағы әдіснамалық тұғырлар, әдіснамалық ұстанымдар, зерттеудің тұжырымдамалық негізіне алынатын зерттеудің логикасы (зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеудің түсініктік аппараты, зерттеудің өлшемдік аппараты) енеді. Әрине, зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары зерттеудің ғылыми аппаратының құрамына да кіреді.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері бағытындағы ізденістерде зерттеудің логикасы, зерттеу әдістері, нәтижелері, зерттеу сапасын бағалау мәселелері қарастырылып жүр.
Сонымен, зерттеудің әдіснамалық негізін анықтау үшін әдіснамалық негіздеме жасау қажет. Оның мазмұнына: ізденушінің тұжырымдамасының философиялық негіздері, педагогикалық мәселелерге сыни көзқарас, зерттеу тұжырымдамасының ғылыми негіздері (мәселені тарихи-логикалық талдау, зерттеу пәнін диалектикалық жүйелі-құрылымдық талдау, оның сипаттамасын тұтастық тұғыр аясында қарастыру, зерттелетін педагогикалық құбылыстың дамуының негізі болатын жетекші қайшылықтарды анықтау, осы үдеріске тән заңды байланыстарды ашу әдіснамасына сипаттама), осы педагогикалық тұжырымдама негізіндегі түрлі ғылыми қағидаларды талдау енеді.
Осыдан біз педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздемесінің келесі логикалық алгоритмін қарастырамыз:
-педагогикалық дәйектерді, құбылыстарды және үдерістерді зерттеуге қажет нақты әдіснамалық тұғырларды анықтау;
- әдіснамалық ұстанымдарды нақтылау;
- зерттеу мәселелеріне тарихи-логикалық талдау жасау;
- зерттеу пәнін сипаттауға тұтастық тұғырды пайдалану.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі оның теориялық базасымен тығыз байланыста беріледі. Демек, бұл ретте педагогика әдіснамасы педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді жасаудың ұстанымдары, тұғырлары және тәсілдері туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу мен зерттеу жұмысының бағдарламасын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалауды негіздеуге бағытталған әрекет жүйесі.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздерін анықтауда философияның әлеуетін толығымен пайдаланған жөн.
Қазір зерттеудің жалпы әдіснамалық қағидаларын, әдіснаманың құрылымын және оның нақты психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі қызметтерін қарастырған абзал. Бұл сұрақтарға жауаптар да біркелкі мағынада емес. Әдінаманың бірнеше деңгейін қарастырып өттік. Енді әдіснаманы әдіснамалық талдаудың түрлі деңгейлеріне сай бөлшектеп қарастыру қажет.
Жалпы алғанда, философиялық және арнайы ғылыми әдіснаманы бөліп зерделейді. Біріншісі философияның жеке бөлімі түрінде берілмейді: философиялық білімнің бүкіл жүйесі әдіснамалық қызметтер атқарады. Сонымен, әдіснама дегеніміз – зерттеу міндеттерін, нақты ғылым мәселелерін шешуде жалпы қағидалар мен теорияларды пайдалану болса, онда бұл ұстанымдардың жалпыламалылығы әртүрлі. Мұндай жағдайда жалпылама қағидалар, заңдар, категориялар туралы айтуға болады. Олар философиялық сипатта болады, соған сәйкес, диалектика әдіснаманың жалпы деңгейін көрсетеді де, әдіснаманың ядросы, өзегі болып табылады.
Нақты ғылымның өзегі – осы ғылымның зерттеу әдістері жүйесімен бірге зерттеудің тікелей әдіснамасы. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық қағидаларына сипаттама берген жөн.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің тиімді жүргізілуі үшін теория мен тәжірибенің бірлігі қағидасы үлкен рөл атқарады. Тәжірибе - теорияның ақиқаттығының өлшемі. Теория практикаға жол ашуы керек.
Келесі әдіснамалық қағида – зерттелетін мәселені нақты тарихи тұғыр арқылы қарастыру. Зерттеу барысында жаңа деректерге, құбылыстарға дәлелді түсініктемелер беру, қалыптасқан көзқарастарды толықтыру, нақтылау орынды.
Зерттелетін мәселенің шығармашылық тұғыры психологиялық-педагогикалық құбылыстарды зерделеудің объективтілік қағидасымен тікелей байланысты. Бұл қағиданы нақты іске асырудың әдінамалық негізі - тұлғаны зерттеу кезіндегі адамдардың әлеуметтік мәні бар практикалық әрекеті.
Психологиялық-педагогикалық зерттеудің табыстылығы психологиялық-педагогикалық үдерістер мен құбылыстарды зерделеудің жан-жақтылығы қағидасына бағынышты. Бұл қағида құбылыстарды кешенді түрде қарастыруды талап етеді.
Психологиялық-педагогикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеудің тағы бір қағидасы – тарихилық пен логикалықтың бірлігі. Нысанды, яғни объектіні тану оның даму логикасын, яғни тарихын елестетеді.
Зерттеудің тағы бір қағидасы – жүйелілік, демек зерттелетін нысанды жүйелілік тұғыр негізінде зерделеу. Жүйелілік тұғыр жүйенің құрылымын және оны басқарудың қағидаларын анықтайды,
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде диалектиканың категориялары (мән және құбылыс; себеп және салдар; қажеттілік және кездейсоқтық; мүмкіндік пен шындық болмыс; мазмұн және форма және т.б.) маңызды әдіснамалық рөл атқарады. Диалектиканың категориялары педагогқа білім беру үдерісінің күрделі мәселелерін шешуде сенімді әдіснамалық құрал болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық мәселелерді зерттеуде диалектиканың заңдарынан туындайтын әдіснамалық талаптарды орындау да қажет. Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы қайшылықтар (ішкі және сыртқы және т.б.) арқылы көрінеді. Психология мен педагогикада тұлға дамуының қайшылықтары жүйеленген (сыртқы факторлар арасындағы қайшылықтар; сыртқы және ішкі факторлар арасындағы қайшылықтар; ішкі қайшылықтар арасындағы қайшылықтар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет