№
|
Зерттеудің атауы
|
Мақсаты
|
Мазмұны
|
1
|
Әдіснамалық зерттеулер
|
-Педагогикағылымының және оның салаларының дамуының заңдылықтары мен даму үдерістерін, педагогикалық ғылым мен практиканың байланыс тәсілдерін, педагогикалық зерттеулердің тиімділігі мен сапасын көтерудің ұстанымдарын айқындау және олардың практикаға ықпалын күшейту
|
-дидактиканың пәні;
-практикаға бағдарланған дидактикалық теорияны жасаудың тәсілдері;
-дидактиканың басқа ғылымдармен арақатынасы;
-оқытуды ғылыми негіздеудің құрамы мен деңгейлерінің мәселелері;
-оқытудың дидактикалық категория ретіндегі тиімділігі
|
2
|
Іргелі зерттеулер
|
-Педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу;
-педагогикалық ақиқаттың түпкі негізін табу;
-бұл негіздердің ғылыми түсіндірмелері
|
-оқыту мен тәрбие теориясы;
-білім беру мазмұнының теориясы;
-оқыту әдістерінің теориясы;
-оқытуды ұйымдастыру формаларының теориясы;
-оқыту нәтижесін жоспарлау теориясы.
|
3
|
Қолданбалы зерттеулер
|
-практиканың нақты кемшіліктерін түзетуге бағытталған
|
-анықталған кемшіліктерді жою әдістері;
-әрекет жобасы;
-практика үшін тұжырымдар
|