- жобаны жүзеге асыру нәтижелерін кешенді экспертизалау (Масюкова Н.А.
Проектирование в образовании. – Минск, 1999).
Е.С. Заир-Бек педагогикалық жобалау логикасын келесі кезеңдермен
байланыстырады: ойды анықтау, немесе жоба эскизі; әрекеттер модельдерін
жасау (стратегия); жүзеге асыру міндеттері мен жағдайлары деңгейінде
шынайы стратегияларды жобалау;
кері байланысты ұйымдастыру; процесті
бағалау; нәтижелерді бағалау және талдау; құжаттарды безендіру (Заир-Бек
Е.С. Теоретические основы обучения педагогическому проектированию. –
СПб., 1995).
В.Е.Радионов мынадай кезеңдерді анықтайды: старталдыңғы кезең;
декомпозиция кезеңі (ортақ ойдың бірнеше бөліктерге бөлінуі)
және сәйкес
құралдарды жинау; трансформация кезеңі, мұнда алғашқы ой нақтыланады,
нақты мазмұнға және құрылымға ие болады: конвергенция кезеңі, бұл
кезеңде жеке жобалық шешімдер бағдарламаларға «жинақталады» (Радионов
В.Е. Теоретические основы педагогического проектирования. – СПб., 1996).
Қолданбалы мақсаттар үшін жобалау кезеңдерін «ірілендіруге болады», және
сонымен қатар жобалық іс-әрекеттің маңызын
көрсететін ортақ логиканы
сақтап қалуға болады.
1.
Жобаалдылық кезең.
2.
Жобаны жүзеге асыру кезеңі.
3.
Рефлексивті кезең.
4.
Жобадан кейінгі кезең.
Осы кезеңдердің әрбірінің ішінде, өз кезегінде, жобалық әрекеттердің
мазмұндық,
құрылымдық, технологиялық, ұйымдастырушылық негізін
құрайтын белгілі бір процедуралар анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: