Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет257/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

Әлеуметтік жобалаудың негізгі бағыттары мен стратегияларын
талдау жобалау қызметінің түрлері туралы білімдерді нақтылайды. 
Жоғарыдағы екі бағыт та жобалау онтологиясы туралы ортақ түсінікке келе 
алады. Мысалы, дизайнды жобалауды алсақ, ол заттар әлемін түсіндіреді, 
ұйымдастырудағы жобалауды алсақ, ол – шешім қабылдау, әрекеттер жүйесі, 
басқару процедуралары, ақпараттар желісі сияқты ұйымдастырушылық 
түсініктерді береді. Аталған екі түрлі жобалау әрекетінде де әлеуметтік 
проблемалар шешіледі, әлеуметтік үрдістер жүреді, бірақ, біріншісінде 
заттық әлемдегі жобалау, екіншісінде ұйымдастырушылық жобалау 
әрекеттері орындалады.
Осыдан келіп, педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалауды 
қарастырғанда да оның онтологиясына - әрекетке, өзара қатынасқа, 
педагогикалық жүйе мен нормаларға, педагогикалық ұйымдастыруға - басты 
назар аудару қажеттігі туындайды. Сөйтіп, жобалау әрекетінің әлеуметтігін 
оның жобалау онтологиясы болуы қажеттігімен түсіндіре аламыз.
Дәстүрлі және дәстүрден тыс жобалау әрекеттерін қарастыратын 
болсақ, әдіснамалық тұрғыдан қарағанда олар қарама – қарсы ұғымды 
береді. Дәстүрлі сипатта жобалау мен оны құрастыру, дайындау үрдістері бір 
– бірінен ажыратылады, жобалау объектісінің барлық қызметтері 
белгіленеді, олар морфологиялық құрылымына сәйкес жоспарланады, ең 
соңынан, жобаланған объектіге қажетті техникалық конструкциялар 
жасалады.
Ал, дәстүрден тыс жобалау әрекеттері үшін дәл осы амалдардың 
барлығы да орындалуы шарт емес, оның негізгі сипаттамасын былайша бере 
аламыз:
− жаңа объект не объектінің жаңа сапасының идея түрінде 
ойластырылуы;
− берілген идеяны талдау, синтездеу, құрастыру, үйлестіру, нақтылау 
процедуралары негізінде жоба құрастыру; 
− жобаны жүзеге асыруға дайындық;
− жобалау онтологиясы (жобаның тәжірибедегі әрекеттермен 
байланысы, ғылыммен қарым -қатынасы, құндылықтарға қатынасы, т.б.)
Әлеуметтік жобалаудың әлеуметтік жоспарлаудан, әлеуметтік 
бағдарламалаудан, мақсаттық – бағдарламалық әдістен айырмашылықтары 


қандай десек, тәжірибеде олардың барлығы да араласып, тіпті өзара 
біріктіріліп те келетіні белгілі. Шын мәнінде, басқару ғылымының 
онтологиясында жоспар жобаның бір түрі деп, ал мақсаттық – 
бағдарламалық әдісте жоспарлаудың бір түрі деп те қарала алады, өйткені 
олардың барлығы да белгілі бір құрылымға негізделіп, жүзеге асыруды 
көздейді. Сөйте тұра, нақты ерекшеліктері де бар, өз онтологиясына сәйкес, 
жоба тұтас объектіні қарастырады, оның құрылымы мен қызметін 
сипаттайды. Жоспар өз объектісінің белгілі бір уақыт аралықтарында 
орындайтын қызметтерін белгілей отырып, оның келесі жағдайға өтуін 
көздейді, ал бағдарлама белгілі бір объектінің бір сапдан екінші сапаға 
өтудегі алгоритмделген тапсырмаларды білдіреді. 
Мақсаттық – 
бағдарламалық әдісті бағдарлама мен жоспардың өзгеше жүйелік – 
құрылымдық нұсқасы деуг
е болады. 
Әлде де нақтылай түсу үшін жобалаудың тағы бір сипатына тоқталу 
қажет, атап айтқанда, әсіресе дәстүрден тыс жобалау әрекеті барысында 
ғылыми зерттеулер жүргізу, инженерлік есептеулер, жоспарлау мен 
бағдарламалау элементтері үнемі қолданылады. Осы сияқты бағдарламалау 
барысында да осындай әрекеттер жүргізіліп отыратыны белгілі. Бірақ оны 
жобалаудың ғылыми зерттеушілікке, бағдарламаның жоспарлауға айналуы 
дей алмаймыз, өйткені әрбір әрекет өз үрдісінің кезеңдері мен құралдары 
ретінде басқа сапалардың белгілерін пайдалана алады. Сондықтан
жобалауды жоспарлаумен немесе бағдарламамен ғана түсіндіруге болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет