Кембридждік бағдарлама аясында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері «Тәжірибедегі рефлексия»



Дата25.08.2017
өлшемі113,45 Kb.
#27580
Бейнелеу өнері пәні

мұғалімі Касымова Алия Танатовна



Кембридждік бағдарлама аясында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы аясында, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылындағы №4 Тілеміс батыр орта мектебінде 08.11.2016жылдан-11.03.2017 жылы   аралығында мектеп тренері Садыбекова Кулзада Аятановнаның ұйымдастыруымен «Тәжірибедегі рефлексия» курсы болып өтті.

Бұл Бағдарлама жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне кәсіби дамуға қолдау көрсету мақсатында әзірленген және де мектеп тәжірибесін дамытуда Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан оқытудың сындарлы теориясына негізделген .Үшінші деңгей «Тиімді оқыту» бағдарламасы мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.

«Бұлақ көрсең көзін аш» деген сөз бекерге айтылмаса керек. Бұл курстың берері көп, ағып жатқан бұлақ екеніне көзім жетті. Өзімнің курстан үйренгенімді саусақпен санап жеткізе алмаймын. Бізді алғаш курсқа келген күннен бастап, тренеріміздің арқасында көптеген нәрселер үйрендік . Курстың ішкі ережелері таныстырылды. Сабақта бес топ болып бөлініп отырып, түсініктерімізді постерлер арқылы қорғадық .Сабақтың өте қызықты өтетіндігі соншалықты түрлі ойындар ,сергіту сәттері жасалатын. Түрлі диафильмдер көріп, соны талдау кезіндегі пікір таластар қызықты болатын. Сөйтіп, тобымызда ынтымақты атмосфера қалыптасты, өмірге, жаңалыққа деген көзқарас пайда болды. Қызығушылық артты. Курсқа келгенде жаңалықтардан бейхабар едім. Курс барысында теориямен, мұғалімнің ұстанымы, сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқуды бағалау, жеті модуль, диалог, АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, көшбасшылық, қысқа, ұзақ мерзімді жада, рефлексивті оқыту, бағалау түрлері, Кейс-стади, Леси-стади әдістері, оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, тізбектелген сабақ жоспарларын жасап үйрендік. Өмір талабы-оқу,іздену,үйрену болатын. Өйткені жаңа әлемде дамыған заманауи заманда, жаңаша оқыту-уақыт талабы. .

Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда, ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы-қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты. 


Оның ішінде маған да байланысты деп ойлаймын. Олай болса, өзімді -өзім танып, үздіксіз ізденіп, тынымсыз еңбектенуім керек деген мақсатпен бүгінде танысып, үйреніп жатқан жоба үлгісіндегі ұстаздар біліктілігін арттыру курсында тыңдаушының бірі болып, үйрендім. Кембридж университетінің жобасы бойынша бағдарламада жеті модуль берілген. Осы жеті модулде қарастырылған идеялар сабақта жекеленген стратегиялар мен тәсілдер өзара байланыста болады. Бұл бағдарламаны оқи отырсаң, оқушымен тікелей жұмыс істеудегі іс- әрекетті үйретеді. Алғашқы күндері бәрімізге беймәлім сияқты көрінген жоба, күн сайын ұстаздар арасында өзіндік қолдауын тауып келеді.

Иә, әркімнің санасында өткен күндер бізге не берді, алдағы күндерден не күтемін деген ойлар мазалары сөзсіз. Міне, біз осының барлығына сыни көзқараспен қарауды үйрендік. Біздің басты көңілге түйгеніміз-сабақты оқушының қызығушылығын оятатындай етіп ұйымдастыру. Яғни, сабақ үстінде оқушының рөлін көтеру көзделіп отырады, білімді дайын күйде алмай, өзі ізденіп табуды үйренеді. Мұғалім тек оларға бағыт -бағдар беріп, оқыту барысын ұйымдастырады.Оқушылардың білімді өзі алуына итермелейді. 


Сабақтар барысында көптеген сауалды ойлар да туындағаны жасырын емес. Ауыл мектебінде осы жобаны жүзеге асыруда көптеген қиындықтар кездесті. Оның бір себебі, ақпарат көздерінің қолжетімсіздігі, кітапханадағы кітап қорларының аздығы, интернет желісінің дұрыс істемеуі. 
Дегенмен, әр ұстаздың шеберлігі, шығармашылық ізденісі бұл тығырықтан шығуына да қол жеткізеді екен. Біздің мақсатымыз- өзімізде бар бұрынғы педагогикалық құндылықтарымызды, жаңамен толықтыра отырып, жаңа белестерге көтерілу. Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет» 
Сонымен бірге, курста алған «Оқытуда кездесетін кедергілер, оны жою жолдары», «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы», «Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыныптағы оқушылар үшін оқу үдерісін жақсарту жолдары», «Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары», «Көшбасшылық» және тағы басқа тақырыптағы алған білімдеріміз-келешек жұмысымыздың басты көмекшісі болды десек артық айтпаған болар едік.Ұлыларымыздың бірі Ж.Аймауытов «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес,ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»-деп айтқандай, үйренген жаңалығымызды қолдана білуіміз ол әр ұстаздың өз еншісінде. 
Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпар береміз. Ал оқушы сол ақпаратты қабылдап отырады. Енді жүзеге асырып жатқан технологияларымызда оқушының қызметі көптеген тұлғалық қызметтеріне қарай бағаланады(ойдың дамуы, тіл мәдениеті, сабаққа деген ынталылығы, өз ісіне жауапкершілігі, дербестігі,т.б) Әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырылады, оқушыға өз сыныптасын, өзін-өзі бағалауға мүмкіндікберіледі. 
Мұғалімдерді даярлау курсынан кейін  жаңа заман талабына сай егеменді еліміздің жас жеткіншектерін тәрбиелеп білім беруде жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің тиімділігі жоғары екендігін байқадым. Оқыған курстың бағдарламасы бойынша мұғалім атқарған өз жұмыстарына қорытынды жасап отырады және жүйелейді. Бұл бағдарламаның тиімділігі оқушылар топ болып ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық түрде жеткізе алады және басқалардың пікірлеріне өз көзқарастарын еркін білдіре алады. Сонымен қатар оқушы өзін-өзі реттей отырып сыни тұрғыдан ойлайды, өзін-өзі дамытады әрі білімін жетілдіреді. Ал мұғалім болса, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірбиесінде қолдана отырып, жан-жақты білімді де дарынды тұлға қалыптастыра алады.  Демек, ұстаз- балаға білім берумен қатар шәкірттің рухани дамуына да басшылық жасай алады.

Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеруін түсінуі және бағалай алуы болып табылады, (МАН,6б) соған байланысты бағдарламаны оқи келе, менің өзімнің ең басты іс-әрекетімді сапалы білім беруге, оқушылардың қабілеттерін дамытуға, оларды өздік жұмысқа баулуға бағыттадым. Жалпы курстағы Кембридждік оқыту тәсілінің теориясымен, басты жеті модулдің мазмұнымен таныстырып, оқыту үрдісіне қолданудың жолдарын көрсетуден бастау алды. Бағдарламаның мазмұнымен толық танысқан соң әріптестерімнің тарапынан қызығушылық туындап, ынтымақтастықта жұмыс жасауға кірістік.

Мұғалімдерді даярлау курсынан кейін  жаңа заман талабына сай егеменді еліміздің жас жеткіншектерін тәрбиелеп білім беруде жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің тиімділігі жоғары екендігін байқадым.

Осы сөздерді басты назарға ала отырып, өзім оқыту курсында үйренген оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудың ұтымдылығын мектеп тәжірибесінде анықтауға тырыстым.

Мектептегі оқыту кезіндегі алғашқы сабағым « Астана менің -іңкәрім » тақырыбында өткен сабағым болды . Сабақты психологиялық ахуалды қалыптастырып , топқа бөлуден бастадым . Сыныбымда 20 оқушы бар. Мозайка әдісі арқылы ,

5 адамнан 4 топқа бөлінді. Үй тапсырмасын «Өрмекші торы» ойыны арқылы сұрақ-жауаппен бекіттім.

Бір байқағаным оқушылардың сөйлеу тілдерінің дамуына, ойлау қабілеттерінің жетілуіне диалог әдісі өте тиімді болатынына көзім жетті..

Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ , сұрақ қою арқылы мұғалім :

- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады ,

- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.

- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді .

-оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі .

(Мұғалімге арналған нұсқаулық .)

Жаңа сабақты меңгеру кезінде Жигсо әдісін қолдандым,яғни әр топқа Астана қаласының әсем ғимараттары туралы материалдарды таратып бердім.Топ мүшелері бір-бірін мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Осылайша топпен талқылау негізінде диалогтік оқыту жүзеге асты, өз беттерінше жаңалық ашуға, жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге үйрене бастады

Сабақтың соңында кері әсер парағын пайдаландым,

Балалар стикерлерге Қазақстанға деген жылы лебіздерін ілді.

Кері әсер парағын толтырғанда өз ойларын біршама жеткізе білді.

5 сыныптағы екінші сабағымды «Өрнекті композиция »тақырыбында өттім.

Жаңа тақырыпты ашу кезінде «Семантикалық картамен »жұмыс істеді.Сабақ барысында төрт топқа бөлек тапсырмалар беріп отырдым. Сабақты жинақтауда

Ою-өрнекке байланысты


І топ-Бес жолды өлең

ІІ топ-эссе

ІІІ топ-ребус шешті

IV топ-сөзжұмбақ шешті.

Мен үшін сабақта біршама қиындықтар болды. Мысалы : ережені сақтамай жарысып сөйлеуі, бір сөздің қайталануы, уақытты дұрыс пайдаланбауы. Кері әсер парағын толтырғанда оқу материалдарына анализ жасай алмау. Бұл қиындықтарды болдырмас үшін уақытты дұрыс пайдалану керектігін, бір – бірін тыңдай білуді ескерттім. Бағдарлама мазмұнында көрсетілген 7 модульдің толық қамтылуына мән беруім керек.

Бұл орайда бағдарламаның жеті модульінің оқыту мен оқу үрдісінде тиімді екеніне көзім жетіп, сабақ барысында орын алған қателіктерді жою мақсатында әлі де жаңа тәсілдерді игеру керектігін өзіме мақсат етіп қойдым. Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – мектепте, ал мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім.

Оқыту үрдісіне өзгерістер енгізуді сабақ жоспарынан бастадым, алдымен ынтымақтастық орта құру, табысқа жетуге жағдай жасау, оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, бағалау, рефлексия. Бағдарламада көрсетілгендей «Егер білімді игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін еске сақтау қиындық тудырады, тестен немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады» ( Мұғалімге арналған нұсқаулық, б 33) соны ескере отырып, сабағым нәтижелі болсын деп, оқушылардың белсенді жұмыс жасауы үшін сабақтың басында өткен мен жаңаның арасындағы байланыс арқылы проблемалық сұрақтарды қоюды шештім, сол арқылы оқушылар тақырыпқа шығады және алдарына мақсат қояды, оқушыларға бейнефильмдер, суреттер, белгілі бір жағдаяттар арқылы сабақ тақырыбын анықтау және сабаққа мақсат қою ұсынылды, оқушылардың берген жауаптары дәл мақсатты айта алмаса да, ықтимал жауаптары өте қатты ұнады. Оқыту мен оқудағы өзгерістер мен үшін қызығы мен қиындығы қатар жүрген идеялар болды, сол қиындықтарды жеңу үшін, «Қалай оқу керектігін үйрену» (Flavell,1967; Vygotsky, 1978) атты танымал педагогикалық тәсілдерді өз сабағыма тиімді қолдану үшін, тренеріміз Г.А.Садыбековадан кеңес алу негізінде оқу үрдісімде бірлескен жұмысты жасаудың түрлерін меңгере бастадым, соның нәтижесінде сабақтағы бірлескен жұмыс оқылатын пәннің мазмұнымен ғана шектелмей, оқытуда оқушыларды қолайлы атмосферамен қамтамасыз ету болып табылды, басқаша айтсам, оқу үдерісінде оқушыларға өздерін еркін сезінетіндей жағдай жасалса және қалай оқу керектігін үйретсе оқытудың мәні табысты және сапалы болатындығына көзім жетті. Топқа бөліп оқытуда алғашықыда топ ережесін, бағалау критерилерін өзім құрастырдым, бұдан туындаған қиыншылықтар біріншіден, топқа бөлу кезіндегі уақыттың көп кетіп қалуы, екіншіден, оқушылар бөлінген топтарда ортақ пікірге келе алмай, бір-бірімен қарым-қатынас кезінде кедергілер орын алды. Оқушылардың топтық жұмыстарға төселмегендігі бірден байқалып тұрды, сынып ішінде дау туындап, оқушылар арасында түсінбеушіліктер болды.

 Топ ережесінде ең басты назарда не болуы керектігіне көңіл бөлгізіп, бағыт бердім, мысалы ұйымшыл болу, бір-бірі тыңдау, уақытты үнемдеу. Топқа бөлген соң оқушыларға белгілі бір ролдерді таңдап алу керектігін айттым, әр оқушы өзінің рөлі бойынша жауап беретіндігі анықталды, осының арқасында оқушылардың бір-біріне деген сенімділігі артып, бірлесе жұмыс жасауға бет бұра бастады, яғни әрқайсысына жауапкершілік жүктеу арқылы және уәж тудыру арқылы азда болса бұл кедергілерді жойдым деуге болады. «Мұғалімдер өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс, осы мақсатта мұғалім оқу ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады» (МАН, б 38) делінген, олай болса оқушылар белсенді жұмыс жасап, сапалы білім алуы үшін өздігінен жұмыс жасауға бағытталған әдіс-тәсілдерді таңдау және сыни тұрғыдан ойлауға байланысты тапсырмаларды құрастыру кезіндегі мәселелерді шешу мақсатында және бағдарламадағы 7 модулді оқыту үрдісіне енгізе отырып, тізбектелген сабақтар жоспарының топтамасын жасау үшін бірнеше рет осы бағдарламаның тыңдаушысы қазақ тілі мұғалімі З.Тұяқовамен кеңесе отырып, яғни сабақтың әр кезеңдерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қандай формада жұмыс жасау, қандай белсенді тәсілдерді қолдануға болады және сыни тұрғыдан тапсырмаларды қалай құрастыру керек екендігі жайлы ақылдасып, ынтымақтастықта жұмыс жасадым,

Бір қарағанда, ойын түрінде көрінген бұл әдістер жалпы оқушының сөйлеу мәдениетін , өзіндік ой-пікірлерінің қалыптасып, өзін-өзі, бірін-бірі оқытуына белсенді ықпал етті. Сабақтардағы топтық жұмыстарда балалардың қызығушылығының, пәнге деген ынтасының артқанын сабақ соңында смаиликтер арқылы, басқа да сұрақ-жауап әдістері арқылы байқадым. Жалпы, алғанда сұрақ – ол білімді тексеру құралы емес, тереңдету құралы екенін ойға түйдім. Пәннің ерекшелігін, сыныптың жағдайына, оқушылардың білім деңгейлеріне, жас ерекшеліктеріне, оқу материалдарының жоспарына қарай іс-әрекеттер ұйымдастыруды жоспарладым. Қайталау, жинақтау сабақтары болғандықтан, оқушылардың өзін бағалай білуіне ықпал ететін «Семантикалық карта» бойынша жұмыстарды орындаттым. Топтық, жұптық, сыныптық жұмыс ретінде өткілген тақырыптарға ассоциация құру, сызбалар сызу, Венн диаграммасын салу сияқты тапсырмаларды оқушылар қызыға орындады. Тапсырмаларды орындау барысында міндеттерді шешуге, игерілген білімін, іскерлік дағдыларын жұмылдырады, басқалармен өзін салыстыру арқылы өзін-өзі реттей білуге машықтанады, белсенділік ұстанымының пайда болуына жәрдемдеседі. Бұдан әр оқушының дербестілігі, яғни ынталықпен, бастамашылықпен кейбір мәселелерді үлкендердің (мұғалімдердің) көмегінсіз шешудің жолдарын ісдестірумен тікелей байланыстылығы шығады. Оқушы өзінің мүмкіндіктерін түсінуі, оның іс-әрекетті орындаудағы дербестігіне тәуелді деп есептеймін. Талданып отырған сұраққа , мәселеге , есепке белсенді пікір білдіру, жолдастарының жауабын толықтыруға бағытталған ұмтылыс, қателіктерді жөндеу- осының бәрі белсенділік пен дербестіктің айқын көрсеткіші. Осыдан топ ішінде пікірі құнды, алға ұмтылған, көшбасшы ретінде жан-жақты жетілген, озық ойлы оқушының дараланып шығары сөзсіз.

Оқыту үрдісінде рефлексия жасау, оқушылардың өз жұмысына есеп беруі деген сөз, бұл қалай жүзеге асырылуы керек деген сауалға тренеріміз

Г.А.Садыбековамен кеңесе отырып, рефлексия мен кері байланыстың ара жігін ажыратып алдым, рефлексия әр тапсырма соңынан оқушылардың нені түсінгендігін, нені түсінбегендігіне есеп беруі арқылы қолдандым, оқушылардың тапсырма орындау барысындағы жіберген қателерін түзетуге бағыт бере отырып, кері байланыс орнаттым. Бұның негізінде оқушыларда да, менің өз басымда да өзін-өзі реттеу жүзеге асырылды. Оқушыларды өздігінен жұмыс жасата отырып, мен өзіндік рөлімнің ауысқандығын байқадым, себебі сабақ барысында оқушылардың тапсырмаларды өздігінен орындады, мен қажет кезіде ғана бағыт беріп отырдым, көбіне оқушылардың бір-бірінен сұрауын талап еттім, соның арқасында өзара оқыту жүзеге асырылды, кейбір сөздердің анықтамаларын немесе қажетті ақпараттарды сұрағанда табу көздерін айтып, бағыт беріп отырдым, бұдан оқытуды басқарудағы көшбасшылықтың жүзеге асырылғандығын байқадым.

Егерде бұл тәсілдерді үнемі сабақтарда қолданып отырсам, оқушылардың арасында сыйластық, құрмет, бірін-бірі тыңдау, бір-бірінің пікірімен санасу, топта, сыныпта өздерін еркін сезіну, қысылмай сөйлеу сияқты дағдылары қалыптасатындығына көзім жетті, ең бастысы оқушы айтайын деген ойын жеткізе білуді үйренеді, сол себепті оқытуда ынтымақтастық атмосфераның қалыптасуына мұғалім көшбасшылық жасап, тұлғаның әрекет жасауына еркіндік берсе, біршама жетістіктерге жетіп, жасаған істері нәтижелі болатындығын байқадым.

Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!

Қолданылған әдебиет:



  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей,үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012

2. С.Мерсейітова.Сыни тұрғыдан ойлау

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет